Төлқұжатта аты-жөнін қалай өзгертуге болады?

34609 рет қаралды
23

Саламатсыз ба, kazprose, Сіздің сауалдарыңызға жауап берудің мүмкіндігі енді туды. Айып етпессіз.

Төлқұжатқа аты-жөнімді толықтап қайта жасату үшін қай жерлерге баруым керек және қандай құжаттар дайындауым керек? 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) арқылы аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жүзеге асырады.

1) Тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгерту жөнінде өтініш;

2) өтініш иесінің жеке басын растайтын құжат;

3)мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) қайталама куәліктер он бес күннен кешіктірілмей орындалады (құжаттар пакетін қабылдаған күн және берген күн құжаттарды қарау мерзіміне кірмейді). Материалдарды қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болғанда ресімдеу мерзімі 15 күнге дейін ұзартылады.

Сонымен қатар  Тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы Ережесіне  сәйкес жұзеге асырылады.

Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту мынадай дәлелдi себептер болған кезде жүргiзiледi:

1) тегiнiң, атының, әкесiнiң атының қолайсыз айтылуы;

2) тегiнiң, атының, әкесiнiң атының айтылу қиындығы;

3) егер некенi тiркеу кезiнде некеге дейiнгi тегiнде қалса, зайыбының ерiмен ортақ тегiн алғысы келуi;

4) егер некенi бұзу кезiнде бұл туралы өтiнiш берiлмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;

5) кейiнгi неке бұзылмайтын жағдайларда, бұрынғы некеден туған балаларымен ортақ тегiн алғысы келуi;

6) егер ерi қайтыс болса, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;

7) егер ерi қайтыс болса, ал өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болса, балаларымен ортақ тегiн алғысы келуi;

8) өтiнiш берушi таңдаған ұлтқа сәйкес келетiн немесе ата-аналарының бiрiнiң (ата-аналарының ұлттары әр түрлi болған кезде) тегiн және/немесе атын алғысы келуi;

9) өмiрде шын мәнiсiнде қалыптасқан, құжаттағы атынан өзгеше атты алғысы келуi;

10) егер некеге тұрған кезде ерiнiң тегi қабылданған болса, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;

11) ұлттық дәстүр бойынша әкесiнiң немесе атасының аты бойынша тегiн алғысы келуi.

12) өтiнiш берушiнi шын мәнiсiнде тәрбиелеген адамның тегi және аты бойынша тегi мен әкесiнiң атын алғысы келуi.

Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту жөнiндегi өтiнiште мынадай мәлiметтер көрсетiлуi тиiс:

1) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

2) қалаған атын, тегiн, әкесiнiң атын;

3) атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту себептерi.

Өтініш тұрғылықты жер бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына өткізіледі (ЦОН).

Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы арызға арызданушының тегiн, әкесiнiң атын өзгертудi сұрауына байланысты растайтын құжаттар қоса ұсынылады.

Осындай құжаттар:

1) өтiнiш берушiнiң туу туралы куәлiгi;

2) егер өтiнiш берушi некеде тұрса, неке қию туралы куәлiгi;

3) жасы кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiгi (егер өтiнiш берушiнiң кәмелетке толмаған балалары болса);

4) бала (қыз) асырап алу туралы куәлiк немесе әке болуды анықтау туралы куәлiк;

5) некенiң бұзылуы туралы куәлiк (егер өтiнiш берушi некенiң бұзылуына байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса);

6) өтiнiш берушiнiң 2 фотосуретi.

7) өтiнiш берушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту себептерiн түсiндiре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлi өмiрбаяны.

АХАЖ органдары арыз берушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген мәлiметтердi құжаттармен салыстырып, оған атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгертуге байланысты туындайтын салдар (паспорты және кейбiр басқа құжаттарды ауыстыру қажеттiлiгiн, мемлекеттiк баж төлеудi, сондай-ақ құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерде үйлеспеушiлiк болса, құқық белгiлеушi құжаттардың кiмдiкi екендiгi фактiсi сот тәртiбiмен белгiленетiндiгiн) түсiндiруге мiндеттi.

Заңдық кеңес беруші Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

23 Comments

  1. Бүкіл қазақстандықтар “ов” пен “ев” тен айырылмай қалды ғой. Бұндай болғанда, тегін ауырстырудың дым қиындығы жоқ екен ғой.

  2. Пәлі Маржан оңай дейсіз, мен төлқұжатқа “ұлы” деген жалғауды қостырамын деп 2 жыл жұмыс жасаған орнымнан жалақы ала алмадым. Сол қалпы жұмыстан шығып кеттім. Кейін арызданып едім, уақытылы алмадың, уақыт өтіп кетті деп шығарып салды.
    Құрметті Жанерке, мен 2007-2009 жылдары арасында бір оқу орнында оқытушы болдым. Бірақ, төлқұжатты өзгерткен кезде РНН, СИК бәрін өзгерту керек екен. Оның процедурасы ұзап кетті. Сол екі арада мен жұмыстан кеттім. Құжаттарымды уақытылы жасай алмадым. Кейін арызданып едім, уаықт өтіп кетті деді. Тиесілі жалақымды ала алмаймын ба?

  3. Бұл жағдай қазір оралмандардың басында көп кездесіп жатады. Жан-жақты түсінік бергендеріңізге рахмет.

  4. “Баяғы жартас, сол жартас”. Қазақстан “қағазстан” болғалы қашан… Қарапайым ғана мысал, жеке куәлік алғанда оның өзіне қаншама қағаз жинайсың, қаншама кезекте тұрасың, қаншама қағаз толтырасың…оны кез келгеніңіз білетін шығарсыз…Солай ғой???

  5. Саламатсыз ба, Жанерке, мен сізден еңбек демалысынан кешігіп келгенім жайында жазған едім. Ақыры ол жұмыстан кеттім. Бірақ олар маған жұмыстан кетер алдында еңбек демалысын алғаным үшін есеп айырысар кезде (рассчет) көк тиын төлемеді. Бұл заңды ма?

  6. ЕГЕР БАЛАНЫ АСЫРАП БАККАН КУЙЕУЫМЕН НЕКЕДЕ БОЛМАЙ ТУРЫП АКЕСИ КАЙТЫС БОЛЫП КЕТСЕ, АКЕСИ ОЛГЕННЕН КЕЙЫН ДЕ СОЛ АДАМНЫН ТЕГИНЕ АУЫСУГА БОЛА МА?

  7. Менің Сізге сұрағым ҚНР түу туралы қуәлігінде баланың аты деген жерде Нұрбота деп жазылған, енді 18 жасқа келіп Қазақстанның төлкұжатын алғанда тегі деген жерде Нұрбота деп жазылған, ал аты тегі деген жерде ештене жызылмаған. Осы құжатты ауыстыруға болмайды деп жауап берді ЦОНда. тек каңа Нұрбота есімің кұжаттың атаы деген жерге жазып береміз дейді, себебі ҚНР түу туралы қуәлігінде баланың аты деген жерде Нұрбота қана деп жазылған дейді. қалай өзгертуге болады.

  8. Мен Өзбекстанда дүниеге келгем. Әкемнің аты паспортымда өзбекше жазылып кеткен. Соны өзгерту үшін сотқа арызданам ба, әлде цон-ға арызданам ба? Әкемнің аты өзгерген жағдайда қандай құжаттар ауысады, диплом, әскери билет, жүргізуші куәлігі,атымдағы жылжымайтын мүлік құжаттары ауыса ма?

  9. Мен Улугбек деген атымды ауыстырайын деп едім Махамбет деген атқа.Улугбек деген ат ұнамайды жəне айтылуы қиын.Сол үшін ауыстырайын деп едім Алла қаласа.

  10. Салеметсізбе мен оз есімімді озгерткели журум ол мүмкін бе мен цонга барсам ахажга коя береді ондагы маман дурыс жауап бермейді.

  11. Мен баламнын куəліктегі есімін ауыстырғым келеді . есімі Мансұр еді соны Əби Мансұр қылғым келеді болама?

  12. Салеметсиз бе! Мен өзімнің аты-жөнімді өзгерткім келеді.Біз 2007ж Туркменистаннан көшіп келдік, маган өзімнің есімім ұнамайды. Алғашында жеке куәлік алған кезде ауыстыргым келген бирак ол үшін туылган жеріңдегі барлық құжаттарды өзгерту керек деп естідім, бұл қаншалықты рас сонда аты-жөнді өзгерту үшін жергілікті адамдарга гана мүмкінбе?

  13. Салеметсизбе баламды анамнын артына аудару ушин кандай кужат керек?

  14. Мен қызымның тегін ауыстыргым келеді қазақшалап Ғабитқызы Іңкәр деп бурын орысша Абатова Инкар Габитовна деп жазылган ынгайсыз аты калай болар екен

  15. Оралман азаматтар аты жөнін қалаи өзгертсе болад?өтнем жақсылап тусіндіріп бернізші

  16. Меним оз атты жонимди ауыстыргым келеди кужаттарым куйеумде озимде только тол кужат болды баскасы жок мен куйеумен заксте бармын бирак бирге турмаймыз не истеуге болады

  17. Мен Түркістан обл.Шымкент қаласының тұрғынымын.Утебаева Бақытжамал Амановна.Мен өз атымды өзгерткім келеді.Күйеуге шықпағам.Кәмелет толмаған қызым бар.Жалғыз басты анамын .Маған тек атымды өзгерту үшін қандай қужат керек.

  18. Мен қытайда туылғам туу түралы паспорт сол жақта берілген келгеніме 10 жыл болды атымды өзгертсем не істеуім керек?

  19. Менің есімім Бейбіт, бұрындары документтеріме солай жазылып кетті ,кәзір студентпін бұйырса осы жылы диплом аламын, есімімді аян берілген есімге ауыстырғым келеді. Ол үшін мен не істеуім қажет қандай документтер қажет

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар