//

Алыптар арпалысы астарында не жатыр?

884 рет қаралды

Кім күшті? Өткен аптада жаһан елдерін елең еткізген сұрақ бұл. Әлемнің екі алып державалары – АҚШ пен Ресей зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін таласқа салды. Бірі екіншісінің жоспарын құп көрмесе, екіншісі еш қауіп.. жоқ деп ағынан жарылды. Естеріңізде болса, апта басында Ақ үй әкімшілігі Шығыс Еуропа елдері аумағына өздерінің әскери зымырандарын орналастырған еді. Олар мұндай қадам ирандықтардың қитұрқы әрекеттерін ауыздықтайды деп сендірді. Алайда мәскеуліктердің мұндайға көнері жоқ. Ресей президенті Дмитрий Медведев халыққа үндеу айтты, ойға алған жоспарларымен бөлісті, айтқанға көнбейтін АҚШ-қа тіке шарт қойды. Медведев мырза мәрттікке бармады, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталды. Егер Америка жуық арада өздерінің әскери зымырандарын Ресей аумағына жақын маңнан алыстатпаса, онда федерация өзінің қарусыздану бағдарламасынан бас тартады. Сөйтіп заманауи, ең жойқын зымырандарын іске қосуды қолға алады. Ол үшін Калининградта «тың серпіліс» әзірленуде.  Естеріңізде болса, өткен жылы Ресей мен АҚШ Стратегиялық шабуылдаушы қару түрлерін шектеу жөнінде келісім жасасып, қолдағы ядролық арсеналдың көлемін әлемге жария етіп отыруға және оны барынша азайтуға уәде берген болатын. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, Вашингтонның иелігінде ядролық сипаттағы 1124 стратегиялық қару бар. Ал Мәскеудің иелігіндегі мұндай қарудың саны 865-ті құрайды. Тараптар әлі де бір келісімге келе алмай дал. Ал Обама орыстарға ежелден өш. Оның «Бұдан былай Ресейге дұшпан ретінде қарамаймыз!» деген сөзі көпшіліктің әлі есінде. Осы ретте, НАТО-ның да америкалықтардың қаһарынан сескенетіні анық байқалды. Өйткені ресейліктер жасаған мәлімдемеден соң, НАТО ресми өкілдері орыстардың ойға алғандары олқылық. Ресей мен НАТО елдері арасындағы екіжақты келісімге қайшы деп төтесімен тартты. Ақырында АҚШ пен НАТО –бір жағада балық аулайтын балықшылардың кейпіне енді. Ал қарсы жаға – Кремльдіктер еншісінде. Алайда бізді алаң еткізер ол емес. Ең сорақысы – жуырда Ресей мен Қазақстан ортақ әуе қорғаныс жүйесін құрды. Артынша Ресей Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков жақын болашақта Қазақстанда S-300 зымырандық кешені орналастырылатындығы жайлы сөз қозғады. Басқаша айтқанда, Ресейдің әуе қорғаныс жүйесін құру туралы бағдарламасы Еуропамен шекаралас аймақтармен шектемейді, керісінше Орта Азияны да қамтиды. Ойға бірден үлкен арпалысқа аптыға араласқан алып елдер келеді. Екі құрлықта өздерінше қарекет етіп жатқан екі елдің мұндайға баруларына бір гәптің бары айқын. Біздің тілек, тек – ел тыныштығы, бейбітшілік заман.

Дастан Сейілханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі