//

Президент Джо Байден Ресейдің көңілінен шыға ма?

1771 рет қаралды
Фото: Handelsblatt.com

Америкалық басылым “Voice of America”  “How Will President Joe Biden Approach Russia?” атты мақала жариялапты. Мақалада АҚШ-тың 46 президенті Джо Байденнің тұсында Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қалай өрбуі мүмкіндігі жазылған. Бұған дейін, “Джо Байден президент болса, Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа сызат түседі. Екі ел қатынасы мүлдем нашарлайды” деген пікірлер таралған еді.  Сол себепті де  бұл мақаланы аударып, “Мінбер” оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. 

Мақала авторы Jamie Dettmer. Мақаланың жарияланған уақыты – 08.11.2020.

“Американың бұрынғы президенттері Джордж Буш пен Барак Обама сайлана салысымен, екеуі де Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен тіл табысып, екі елдің қарым-қатынасын айтарлықтай жақсартамыз деп ойлаған еді.

Алайда олардың Путин туралы ойы тез өзгерді.

Джордж Буш Путинмен алғаш кездескеннен кейінгі әсері жайлы: “Мен оның көзіне қарадым. Оның өте турашыл, әрі сенуге болатын адам екенін байқадым,  оның жүрегіне терең бойлай алдым” деп жауап берген еді. Сегіз жылдан кейін Обама да екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға талпынып бақты. Алайда Ресейдің 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алуы, оның үмітін мүлдем үзді.

Обаманың президенттігі кезінде вице-президент болған Джо Байден Обаманың екі ел қарым-қатынасын жақсарту стратегиясын қолдағанымен, бұрынғы дипломаттар мен сарапшылар ол алдындағылардың жолымен жүруі неғайбыл деген ой айтады. Бұндай болжам жасауға оның президенттік кампаниясы кезінде CNN-нің кездесу залында: “Меніңше, Ресей қарсылас, мен оған сенімдімін” деген сөзі  негіз болып еді.

Керісінше, ол Қытайды “бәсекелес, күшті бәсекелес” деген еді.

Президенттік кампания кезінде Байден өзінің қарсыласы  Дональд Трамптан Ресей қарым-қатынасына орай барынша өзгешеленуге тырысты. Әрі Трампты Путинге қатысты тым жұмсақ саясат ұстанатыны үшін айыптаған болатын.

Трамп және оның көмекшілері: “Ресейдің АҚШ билігінде кімнің болғанын қалайтынына келсек, ол Дональд Трамп, өйткені Ресеймен арадағы қарым-қатынаста менен қатал ешкім болмады” деген еді.

Өткен айдың басында Байден өз қарсыласын Ресей оппозициясының лидері Алексей Навальныйдың уланғанына қатысты ауыз ашпағаны үшін сынаған болатын, ол бұған тікелей Мәскеудің қатысы бар деп есептейді.

«Кремль саяси қарсыласының аузын жабу үшін тағы да өздері жақсы көретін қаруды пайдаланды, химикаттар санатындағы “Новичок” агентін қолданды. Бұл Ресей режимінің ешқандай сын көтермейтін, әрі келісуге келмейтін, соншалықты параноидты екендігін көрсетеді.

“Бұрынғыдай болмайды”

«Менінше, Байден Путинді қаралау үшін барын салады деп ойламаймын”, –  дейді Джордж Буш әкімшілігінде мемлекеттік хатшының көмекшісі болған Дэвид Крамер. «Мәскеу оған қарсы жалған ақпарат кампаниясын жалғастырып келеді, сондықтан, ол бірден қолын ұсынып: “Бәрі жақсы болсын” дей қоймас, – деді қазірде Вашингтондағы Маккейн институтының сыртқы саясат бойынша сараптама орталығының қызметкері Крамер.

«Яғни бұрынғы жағдайға қайта алмайды. Меніңше, ол 2009 жылғыдай дүниеге жол бермес, –  деді Крамер, Обаманың қарым-қатынасты жеңілдетуге ұмтылып, жеңіліске ұшырағанын меңзей отырып. Крамердің ойынша, Байден коронавирус пандемиясының экономикалық салдарын жою үшін негізінен ішкі мәселелерге назар аударатын болады.

«Тіпті ол сыртқы саясатты басымдыққа алды деген күннің өзінде, Ресей ол тізімнің басында тұрмайтын шығар», – деді ол  «Америка дауысына» берген сұхбатында. Сондай-ақ ол: “Сіздер бұған көз жұма алмайсыздар. Әрі бұл біз бетпе-бет келетін факторлардың бірі. Меніңше, егер мәселе сыртқы саясатқа тірелетін болса, ол өзінің шектеулі уақытын проблемаларды шешуге дайын елдерге арнауға тура келеді” дейді Американың трансатлантикалық альянсымен байланысын нығайту мәселесін меңзей отырып.

Байден мен Путиннің кездесуі аса бір жайлы бола қоймаған еді. 2011 жылы The New Yorker журналына берген сұхбатында ол Ресей лидеріне: “Сенің көзіңе қараған сайын, сенде жүректің бар екеніне күмәндана түсемін” деген еді.

“Ол маған қарады да, күлімсіреп: “Біз бір бірімізді түсінеміз” деді деп жалғады Байден.

Өзара түсініктің болмауымен бірге, сарапшылар екі ел қарым-қатынасын жақсартуға деген кез келген талпыныстың соңы Обама мен Трамп әкімшілігінің Ресейге қарсы салып кеткен  экономикалық санкцияларының салдарынан күрделене түсетіндігін айтады. Бұл шаралар Байденнің басқа әрекет жасауына мүмкіндік бермейді, оның үстіне батыс державалары Ресей оларға қарсы кибератака ұйымдастырып отыр деген райынан айнымайынша, бұл экономикалық санкцияларды алып тастауға жол бермейді.

‘Сұры космос’

Батыстың бұрынғы дипломаттары Вашингтон мен Мәскеу арасындағы антагонизм Кремль батыстық демократия институттарының талаптарына ұмтылмайынша сақтала беретін болады деп есептейді.

Өткен аптада Ұлыбританияның премьер министрі Борис Джонсонның қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы бас кеңесшісі Марк Седвилл Ұлыбритания Ресейдің Батысқа қарсы кибератакасына жауап ретінде Ресей лидерлеріне қарсы құпия кибератакалар дайындап жатқанын айтты.

Өзге де одақтас державалар, соның ішінде АҚШ та батыс барлаушыларының “сұры кеңістікте” Кремльмен киберконфликтіге баруы қарулы шиеленіспен бірдей дүние екендігін айтады.

АҚШ пен басқа да батыс державалары  2014  жылдан бері  Ресеймен қарым-қатынастары – Қырымды бөліп алғаннан бастап, Украинаның шығысындағы мәскеулік үгіт насихаттарға дейін; Сирия президенті Башар аль-Асадты қолдағанынан 2018 жылы Англияның Солсбери қаласындағы бұрынғы Ресей агенті Сергей Скрипальға қастандық жасағанға дейінгі біраз мәселеде шиеленісіп келеді.

Британдық Chatham House қызметкері Хизер Уильямс Байден әкімшілігінің басты екі мәселеге көңіл бөлгенін қалайды: Ресей авантюризмін ұстап тұру үшін НАТО-ны қаруландыруды бақылауды және оны нығайтуды қалпына келтіру.

“Бір жағынан, АҚШ өз одақтастарымен арадағы сенімді қалпына келтіруді қолға алуы керек. Сонымен бірге, ол қарулануды бақылауға қол жеткізіп, басқа да тәуекелді азайту мүмкіндіктерін қарастыру керек”,  – дейді ол.

Президент сайлауының соңғы күндерінде Кремль кімнің жеңетінін болжаған секілді.

Республикашылдар кампаниясының жақтаушылары, президент Трамп Байденнің ұлы Хантердің Украинадағы энергетикалық компанияның директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін оны жемкор деп айыптап, Қытайдағы іскерлік байланыстарын паш еткен болатын.

Бірақ, Путин Хантер Байденге қарсы тағылған айыптың кең таралуына жол бермеді: “Әрине, Украинада оның бизнесі болған шығар, бәлкім әлі де бар шығар. Бұның бізге қатысы жоқ. Бұл америкалықтар мен украиндықтарға қатысты. Бұл жерде ешқандай қылмыс көріп отырған жоқпын” деген ол.

Ресей лидері, сондай-ақ, Байденмен әсіресе ядролық қаруды бақылауға қатысты мәселеде тіл қатысып қалуға тырысты.

Ядролық қаруды бақылау

Осы айда Путин Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды бақылау туралы соңғы пактіні сақтау үшін жаңа  келісім шартқа қол қоюға шақырды. Оның мерзімі алдағы ақпан айында аяқталады. “Егер келісім шарт күшін жойса, аса жақсы болмас еді”, –  деді ол.

Бұл келісім шартқа 2010  жылы Барак Обама мен Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведовтер қол қойған. Пакт бойынша, әр мемлекет 1550 ядролық оқтар мен 700  зымыран мен бомбы тастаушыдан артық қару ұстай алмайды.

Сенатта ұзақ уақыт отырған Байден ядролық қаруды бақылауды қолдап келген болатын, сол себепті жаңа келісім шартты созуға уәде берді. Ол Ресейдің оны тағы бес жылға созу туралы ұсынысын қолдайтындығын білдірді.

www.voanews.com сайтынан ықшамдап аударған Е. Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Үш ауысымды мектептер білім сапасына қалай әсер етеді? Алматы облысы Талғар ауданында ата-аналар балаларының білім сапасына көңілі толмайды

Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан Әл-Фараби атындағы №31 Тұздыбастау мектебінде бастауыш сынып оқушылары үш ауысымда оқиды.

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі