///

МЫЛҚАУЛАР МИТИНГІ

1288 рет қаралды
2
Бүгін. Таңмен таласа оянып,  төл құрдасымды мерекемен құттықтамаққа сағат ондар шамасында Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңға келдім. Қалай дегенмен 20 жылдық болғандықтан осы жылғы атап өтуіміз ауқымды, өзгеше болама деген үмітім небары әр түрлі ұйымдардан жиналған, оның өзі міндеттеумен ұйқыларын қиып келген алпыстай адамның шоғырын көргенде желге ұшты. Тура 10-да «Мерекелік миттингіміз ашық, гүл қою рәсімін бастаймыз!» деген кім айтқаны белгісіз калонкадан дауыс шықты. 15 минут көлемінде ырымын жасап, суретке түсіп бітірді. Артынша «Мерекелік митингіміз жабық деп жарияланады!» деп әнұранның бір шумақ пен қайырмасы орындалып аяқталды. Ыңайсыз жағдайда қалдық. Жиналған жұрт жайлап тарқауда. Бар болғаны осы ма? Жетім қыздың тойына да татымағаны ма? Қала әкімі, ең болмаса орынбасары құттықтап, салтанатты түрде ашылатын жиын емес пе еді бұл?  Жайшылықта көгілдір экранның аржағынан тәуелсіздік туралы сөйлегенде көсілетін «көпті көрген» зиялы ағаларымыз жылы көрпеге қымтанып, аязда аяқтарын тоңдырып алам ба деп келмеген болар. Бірі де жоқ. Тек көзімнің шалғаны 15 минуттық жиынға 15 минут кешігіп жеткен Мэлс Елеусізов.  Ашынған бейтаныс бір ағамыз: «Бұл көзбояушылық. Өңшең ресми ұйымдардың өкілдері. Халықтан ешкім жоқ. Біз әлі тәуелсіздік алмадық!» деп айқай салды. Тыңдаған ешкім де болмады…

Асқарбек ҚАЗАНҒАП

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Шынымен де бұл мереке, атаулы күн мұндай дәрежеде өте деп мен деп ойламап едім. “Тәуелсіздік алмадық!” дегеннің бетін ары қылсын, бірақ, дәл осы мейрам жылап тұрып әнұраш шырқап, жылап тұрып ата-бабаға, Желтоқсанда құрбан болған жастар рухына тәу етіп, ұлттық деңгейге көтеруі керек еді.

  2. Бұл болмады енді… Мэкеңнің сөзінде шындық жасырулы жатыр….

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.