////

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ. “Бүлдірген ағып түскенше…”(жыр жинағы)

3045 рет қаралды
5

Қоржынымызға ақын Дәулеткерей Кәпұлының «Бүлдірген ағып түскенше…» атты өлеңдер жинағы түсті. Жыр сүйер қауым тапшы таралымды (1000 дана) тауып оқыр. Ал біз ақын Әбдікәкімұлы Тыныштықбектің бұл кітаптың қолжазбасын оқып түйген пікірін ұсынып отырмыз.

 Қолында – қара домбырасы, бөркінің төбесінде үкісі бар (маған солай елестеуші еді) бала Дәулеткерейді баяғыда әрәдік жалт-жұлт көріп қалып жүретінмін. Апталар ұшып, айлар көшіп, жылдар жылжып; сол бала Дәулеткерей айтыс өнерінің әйгілі саңлағына айналды. Айналды да,… бейне бір отставкаға кеткен жап-жас генералдай, жыр додасынан бойын бірден аулақ салды. Енді міне, ойға қалам, қолыма түскен қолжазбасына қарай отырып. Ол қолжазба – жазба ақынның жан-дүниесінің өрнектері. Мені суырыпсалма ақын → жазба ақын түріндегі осы рухани тосын трансформацияның мәнісі ерекше толғандырады. Мұның гәбі неде екен деймін де баяғы.

Тегінде, өз түсінігімде: қазақтың айтыскер ақындары – көшпеліліктің, жазба ақындары отырықшылықтың символдары. Өйткені, табиғаттың төл баласы болып табылатын көшпелінің мыйы – қыртысы күрделі жаратылыс, санасы – ойға бай эпикалық парасат болып келеді. Көшпеліге тән сондай ерекше қасиет – айтыскер ақындардың көш-керуендей тізілген көркем сөзді кез келген жерде, кез келген сәтте суырып салып айта жөнелмегінің басты кепілі. Жан-дүние байлығы мен сезімталдығы һәм ұшқыр ойлау жағынан алғанда, айтыскер ақындардың ең әлсізінің мынау дейтіндей жазба ақындардан «бір елідей» болса да биік тұратындығы сондықтан.

Әрине, қазақтың қазақстандық қазіргі мықты жазба ақындары да, белгілі бір мөлшерде – көшпеліліктің перзенттері. Олардың өзі екі категорияға бөлінеді: байырғы орасан көшпелі өмірдің ауыл-ауылда сақталған кейінгі жұқана-жұрнақтарының өзін көріп өскендер және байырғы көшпелі өмірдің тек сөзін естіп жетілгендер. Алғашқыларында жасырын жатқан суырыпсалмалық сұлу таланттың негізі бар, – көкірегіне түскен ойдың нұрлы өрнектерін көп жағдайда қағаз бетіне демде әсем көшіртіп үлгертетін. Екіншілеріне – ой ұшығын ұстап алып, соның мән-жайын кеңінен, асықпай толғануға бейімділік тән.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Рахмет сіздерге, электронды кітапханамыз байып қалатын болды. Тіпті жүктеп алуға да мүмкіндік бар екен. Алла разы болсын!

  2. Мен Дәулеткерейді жақсы білем. Оның айтыстағы мәнерінің өзі қандай. Бірақ соңғы кезде айтыстан көрінбей кетіп еді. Жазба поэзияға бет бұрған екен ғой.

  3. “сүтті іңір” ден кейінгі орыны бөлек бұл жинақтың бәрімізге аян буыны бекіп, топшысы қатқан дер шағы. тұяғын тасқа жаныған, айшылқтан жемін шалған Алтайдың хас қыраны – ақ иығы тек биіктік ?ашанда!!!   

  4. Шабытынызга шыбыт косылсын! Бул китап неге дукенге туспейди, баскалар болмаса да журеги казак деп соккандар аламыз гой, өз кітапханамызға қосамыз гой!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар