//

Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды

1543 рет қаралды

Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды

Қазақтың азулы ақыны Дәулеткерей Кәпұлы ҚР Жазушылар Одағының Астана қаласы филиалының директоры болып тағайындалды деп фейсбукте сүйінші сұрап, құттықтап жатқандардың қарасы көп “Мінбер” сайты  да Дәулеткерей Кәпұлын жаңа қызметпен құттықтап отырып, оқырман қауымға айтыскер ақынның биографиясына көз шалуды ұсынады.

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын (2000-2002) бітірген. Аталмыш университеттің PhD доктаранты. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2000 жылы «Жұлдыз» жұрналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың Шабыт фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-приді иеленген. «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр» т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған. «Сүтті іңір»,(2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты. Дарын Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты. Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі