//

Тағы 15 блог ашылды

3000 рет қаралды
26

11 мамырда Қызылжарда “Мінбер”  журналистерді қолдау орталығының көшпелі семинар-тренингінің аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің компьютер класында Қостанай, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Астана қалаларынан келген 15 журналист өз блогтарын ашты.

Семинар барысында журналистер тек қана блогтарын ашып қойған жоқ, сонымен бірге интернеттегі ресурсын дамыту үшін тегін мүмкіндік беретін жаңа медиа технологияларына терең бойлап, сайт келбетін жасау, айдарлар қою, сілтеме беру секілді маңызды мәселелермен бөлісті. Төменде алғашқы күннің сурет баянын ұсынып отырмыз.

Мінбер-ақпарат

Cуреттерді түсірген Бақытгүл Салыхова,  Талғат Байназаров

Парақшамызға жазылыңыз

26 Comments

  1. Жасқа да қарамай жаңа медияны үйреніп жатқан журналисттер өте көп. Алдағы уақытта бұл игі іс тоқтап қалмай, кеңейіп, жалғасын таба берсін демекпін.

  2. Тренингтер пайдалы тың ақпарат берумен шектелмей оны тәжірибеде пайдалануды үйретті. Блог ашуға ниеттілер адамдарға осындай семнардан қалмай қатыс деп кеңес берер ем.

  3. Суреттер сәтті шығыпты. Блог жургізушілерді құттықтаймын!!!

  4. НЕ айтары бар, тамаша бастама! Жалгасы бола берсін! ЕНді қазақша Интернеттерде пікір еркіндігі кеңиді деп ойлаймын

    Марат

  5. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Экономика факультетінде өткен семинар-тренингінің аясында көптеген мәліметтер алдым. Ұйымдастырушы алқалардың дайындықтары жоғары.

  6. Барлық қатысушылар өз блоктарын ашып, өте көп жаңа технологиялық мәліметтер алды. Мұндай семинарлар жиі өткізілсе қазақ журналистикасының заман ағымына сай дамуына тың серпін береді деген ойдамын

  7. Бұл блоггерлер, қазақ журналистикасының дамуына тың серпін береді деп сенемін. Семинар нәтижесі интернет кеңістігінде, пайдаланушылар арасында жастардың бойында Отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, оны дамытуға септесетін танымал “Блоггерлердің” шығуына ықпал етеді деп ойлаймын. Жалпы семинар жақсы өтіп, көп нәрсе түйіп алдым.

  8. Блог ашу арқылы өзге қазақ тілді журналистермен пікір алмасуға, олардың материалдарымен танысуға мүмкіндік туды.

  9. Қазақ болог қауымдастығығының саны тағы артты. Қуанарлық іс. Болашағы нұрлы болғай))

      • Тіркелгендер (Жап-жаңа блогерлер) kerekinfo.kz-тегідей вертуалды дебат алаңын қалыптастырсын, жүрген жерімізде соны үіттей жүрейік.

  10. Блогпен жұмыс жургізуден басқа сіздер не нәрсені үйретесіздер? Маған білу қызық боп тұрғаны. Қазжурда бір блогкер фейсбукты меңгердік деп жатыр. Ондай дүниелерді былай да үйрене беруге болмайды ма дегенім ғой.

    • Мүмкін болатын шығар, бірақ біздің қатысушыларымызға әлеуметтік желілермен жұмыс істеп, аудио видео материалдарды интернетте пайдалану, телефонмен блог жүргізу, оның мүмкіндіктері, слайд шоу жасау секілді бағдарламалардың барлығын таңданыспен қабылдады және өте жоғары деңгейде ынта білдірді. Сізге Фейсбукта аккаунт ашу оңай шығар, бірақ соны білмейтіндер де, фейсбукта аккаунты жоқтар да өте көп екен.

  11. Қызылжардан да біраз блогшылар қосылғанына куаныштымыз. Іске сәт, қызықты жазбалар күтеміз енді!!!

  12. Мен де Қызылжарда молдаларға семинар өткізіп бірнеше блог ашылды. Имамдар да қазақ тілінде блогтар ашып жатыр.

  13. Қазақ журналистер ішінде жаңа медианы үйрету бастамасын
    бірінші болып қолға алған Есенгүл мен Асхатқа мың да бір рахмет! Қызығы, 1 жыл бұрын өзі осындай семинарда үйренген Ұлықбектің молдаларға дәріс беріп жүргені болды. Іске сәт! Енді жаңа медиаға Бақытгүл кіріскен соң, блогты аштыртпай қоймайды екен. Оқыған солтүстіктер де “қалам беріп дауға қойды” растап, керемет белсенділік пен қызығушылық білдірді. Петропавлдағы суреттер шынымен мәнді шығыпты. Семинардың қалай өткенін осыдан байқауға болады.

  14. Видеоны аша алмадым. Недоступен. Сосын Шахановтың Кремльдегі сөзін тындайын деп едім, ол да ашылмады. 1989 жылы 86 – Желтоқсанның жаңғырығын тікелей эфирден бүкіл халық болып тыңдағанбыз. Басқа депутаттарға, әсіресе бізден, Қазақстан халқының атынан барғандарға төбеден жай түскендей әсер етіпті. Шыққан соң, кейбіреулері Мұқаңды инвективті сөздермен балағаттапты деп естігем. Мүмкін, өтірік шығар…

    • Ғалия ханым, Сізде қандай интернет браузер тұрғанын білмеймін. Мен өз басым сіздің пікіріңізді көрісімен өз компьютерімнен (мозилла браузері арқылы кірем) Мұхтар Шахановтың мәлімдемесін ашып көрдім, ашылып тұр. Мәселе біздің сайтта емес, мәселе сіздің компьютеріңізде, пайдаланылатын браузерде болуы әбден мүмкін:) Егер эксплорердің ескі нұсқасы болса, ол аша алмайды.

  15. Менің жүйкем білім үйретуге шыдамайды екен. Дереу жыным келіп кетеді. Ұстаздарды шынымен түсінбейді екенбіз ғой. 🙂

    • Жап-жас боп “жүйкем шыдамайды” дегенің қызық екен 🙂 Білген бір басқа, ал білгеніңді үйрете білу шыдамдылықты да қажет етеді.

    • Петропавлдан кейін Google Chrome-ды да насихаттау керек екен деген ой келді. Әсіресе жоғары оқу орындарында експлорердің ескі нұсқасы тұрса, тіпті қиын 🙂

  16. Ұлықбек қарап жүрмей, сонау Қызылжарға барып, молдаларды да жаңа медиаға үйретіп жатыр

Нұршат Төкен жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері