//

Маусымның 5-і Ұлттық қаралы күн

646 рет қаралды
3

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Арқанкерген» шекара бекетінде орыналған қайғылы оқиғаға байланысты МӘЛІМДЕМЕСІ 

Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам қаза болған қайғылы оқиға қазақстандықтардың ешқайсысын да бейжай қалдырмады.

Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды табамыз. Сөйтіп, бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады.

Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды. Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.

Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр.

Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын.

Астана қаласы, Ақорда, 2012 жылғы 4 маусым.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Маусымның жетісі күні Путиннің бетін қалай көреміз?!…

  2. Шын айтасың, шекераңды мен күзетіп берейін дейді ғой, Путин, жерден тілегенін көктен берген екен.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі