Ашхабадта «Дәстүрлі БАҚ-тан онлайн медиаға: озық тәжірибе және болашақ мүмкіндіктер» атты Ортаазиялық ХІҮ конференция басталды. Конференцияға Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстаннан және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы, Ашхабадтағы, Бішкектегі, Душанбе мен Өзбекстандағы орталықтарының өкілдері, ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілдігінің бюросының өкілдері, халықаралық сарапшылар, жиыны жүзден астам делегат қатысуда.
5 шілдедегі алғашқы сессиясында «Дәстүрлі БАҚ-тан әлеуметтік медиаға. Халықаралық стандарттар мен негізі қиындықтар» тақырыбында талқылаулар болып жатыр. Кіріспе сөз сөйлеген Түркіменстанның Сыртқы істер министрі, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Рашид Мередов Түркіменстан президенті, түркімендердің Арка дағы (Асқар тау) Гурбангулы Бердымухамедовтің сәлемін жеткізді. Түркіменстанда тәуесліз ақпарат құралдары күн өткен сайын дамып келе жатқанын айтқан одан түркіменстандық ақпарат құралдары туралы мәлімет күткен едік. Алайда ол мұндай ақпаратпен бөлісуді жөн деп таппады. Алайда біз Ашхабадтағы Түркіменбашы Сапармұрат Ниязов атындағы әуежайда «Нейтральный Туркименстан», «Ашхабад» атты орыс және түркімен тілдеріндегі екі газеттің құрылтайшысы Түркіменстан президенті екендігін оқыдық.
Ашхабадта күн өте ыстық. 40-45 градусты көрсетіп тұр. Ташкенттен ұшқан біздің ұшағымыз, Ашхабадқа жергілікті уақыт бойынша 22.30-да қонғанымызмен, ауа температурасы 32 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Күндізгі ыстықтың бет қайтпаған, ыстық леп ұрып тұрды.
Түркіменстан өзге мемлекеттерден аулақтанып, бейтарап саясат ұстанады. Және ол саясатын мақтан тұтады. Қазақстан мен Түркіменстан арасында виза бар. Ал тікелей ұшақ аптасына бір-ақ рет ұшады. Сондықтан да, біз Ашхабадқа Ташкент арқылы келуге мәжбүр болдық. Қайтарда Стамбул арқылы ұшу жоспарлануда. Ташкент әуежайында 5-6 сағат отырған біздерге Ашхабадқа жеткенше, уақыт өтпейтіндей көрінді. Ташкент әуежайы тым қарабайырлығымен, жұтаңдығымен есте қалса, Ашхабад әуежайы салтанатымен ерекше көз тартады. Ашхабадтан бізді күтіп алған Түркіменстан Сыртұы істер министрлігінің қызметкері Бегеніш қаланы таныстырумен болды. Соңғы екі жылда ашылған жаңа көшемен өрлеген біздерге бұл көшелерді президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың қатысуымен ашылған екен. Ашхабадтан бізге бірден ұнағаны әуежайдағы Оғуз қағанның ескерткішінен, біз тоқтаған қонақ үйге дейінгі сәулет ерекшелігі. Көшелердің тым жақсы сәулеленгені.
Газ бен мүнайға бай елде коммуналдық қызметтер тегін. Бегеніштің айтуынша,
әрбір отбасына тегін пайдаланылатын қызметтердің лимиті беріледі. Егер, ол лимиттен асып кетсе ғана олар коммунальдық қызметтер үшін төлеуі тиіс.
– Алайда, – дейді Бегеніш, – ол лимиттен асырып көрген ешкім жоқ, күн жылы болғандықтан айына берілетін 30 квтты ешкім асыра пайдаланбайды.
Сол секілді әрбір автомашина иегері 700 литр бензинді жарты жылға тегін пайдаланады. Егер одан асып кетсе ғана литрі 25 цент тұратын (30 теңге) бензинді сатып алуға мәжбүр. Әзірге Ашхабад жайлы әсеріміз осы.
Ашхабадқа Орта Азия журналистері жиналды

Соңғы жазбалар
Экранның арғы жағындағы қыз баланың жүзіндегі эмоциялар тез-тез ауысып жатыр. Дауыс ырғағы да сәт сайын құбылып,
Сурет: gov.kz Алматы облысында қой жүнін терең өңдеуге арналған жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынның құрылысы басталды. Бұл туралы
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх мемлекеттік іс сапармен Астанада жүр… Осы орайда бір нәрсе есіме орала береді.
Сурет: pexels.com Павлодар қаласының прокурорлары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қаражатының жұмсалу деректеріне қатысты жүргізілген тексеріс
Фото: gov.kz ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын
Фото: gov.kz Оқу-ағарту министрлігі биыл мектеп бітіруші түлектер үшін «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға қанша қаржы жұмсайтыны
84 жасқа қараған шағында дүниеден озған Мұхтар Шахановты ел-жұрты ақтық сапарға шығарып салды. Алматыда Абай атындағы
Қазақстандық шпагашы Ерлік Сертай Будапешт қаласында өткен семсерлесуден Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Ерлік Сертай турнир
19 сәуір күні Алматы қаласында тоғызыншы рет ұйымдастырылған Almaty Half Marathon іс-шарасы өтті. Осы жылы додаға
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған








Біз кеудемізді қағып мақтанамыз. Бірақ түркімендер секілді халыққа жағдай жасауды ойлап отырған жоқпыз.
Алыстан арбалағанша жақыннан дорбалап, осыкөрші елдермен неге байланысты нығайтпаймыз. Мәсімовтың құлағына алтыннан сырғаа!
Есенгүл апай, рахмет сізге. Үлкен еңбек қой мұны барлығы.