Ашхабадта «Дәстүрлі БАҚ-тан онлайн медиаға: озық тәжірибе және болашақ мүмкіндіктер» атты Ортаазиялық ХІҮ конференция басталды. Конференцияға Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстаннан және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы, Ашхабадтағы, Бішкектегі, Душанбе мен Өзбекстандағы орталықтарының өкілдері, ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілдігінің бюросының өкілдері, халықаралық сарапшылар, жиыны жүзден астам делегат қатысуда.
5 шілдедегі алғашқы сессиясында «Дәстүрлі БАҚ-тан әлеуметтік медиаға. Халықаралық стандарттар мен негізі қиындықтар» тақырыбында талқылаулар болып жатыр. Кіріспе сөз сөйлеген Түркіменстанның Сыртқы істер министрі, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Рашид Мередов Түркіменстан президенті, түркімендердің Арка дағы (Асқар тау) Гурбангулы Бердымухамедовтің сәлемін жеткізді. Түркіменстанда тәуесліз ақпарат құралдары күн өткен сайын дамып келе жатқанын айтқан одан түркіменстандық ақпарат құралдары туралы мәлімет күткен едік. Алайда ол мұндай ақпаратпен бөлісуді жөн деп таппады. Алайда біз Ашхабадтағы Түркіменбашы Сапармұрат Ниязов атындағы әуежайда «Нейтральный Туркименстан», «Ашхабад» атты орыс және түркімен тілдеріндегі екі газеттің құрылтайшысы Түркіменстан президенті екендігін оқыдық.
Ашхабадта күн өте ыстық. 40-45 градусты көрсетіп тұр. Ташкенттен ұшқан біздің ұшағымыз, Ашхабадқа жергілікті уақыт бойынша 22.30-да қонғанымызмен, ауа температурасы 32 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Күндізгі ыстықтың бет қайтпаған, ыстық леп ұрып тұрды.
Түркіменстан өзге мемлекеттерден аулақтанып, бейтарап саясат ұстанады. Және ол саясатын мақтан тұтады. Қазақстан мен Түркіменстан арасында виза бар. Ал тікелей ұшақ аптасына бір-ақ рет ұшады. Сондықтан да, біз Ашхабадқа Ташкент арқылы келуге мәжбүр болдық. Қайтарда Стамбул арқылы ұшу жоспарлануда. Ташкент әуежайында 5-6 сағат отырған біздерге Ашхабадқа жеткенше, уақыт өтпейтіндей көрінді. Ташкент әуежайы тым қарабайырлығымен, жұтаңдығымен есте қалса, Ашхабад әуежайы салтанатымен ерекше көз тартады. Ашхабадтан бізді күтіп алған Түркіменстан Сыртұы істер министрлігінің қызметкері Бегеніш қаланы таныстырумен болды. Соңғы екі жылда ашылған жаңа көшемен өрлеген біздерге бұл көшелерді президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың қатысуымен ашылған екен. Ашхабадтан бізге бірден ұнағаны әуежайдағы Оғуз қағанның ескерткішінен, біз тоқтаған қонақ үйге дейінгі сәулет ерекшелігі. Көшелердің тым жақсы сәулеленгені.
Газ бен мүнайға бай елде коммуналдық қызметтер тегін. Бегеніштің айтуынша,
әрбір отбасына тегін пайдаланылатын қызметтердің лимиті беріледі. Егер, ол лимиттен асып кетсе ғана олар коммунальдық қызметтер үшін төлеуі тиіс.
– Алайда, – дейді Бегеніш, – ол лимиттен асырып көрген ешкім жоқ, күн жылы болғандықтан айына берілетін 30 квтты ешкім асыра пайдаланбайды.
Сол секілді әрбір автомашина иегері 700 литр бензинді жарты жылға тегін пайдаланады. Егер одан асып кетсе ғана литрі 25 цент тұратын (30 теңге) бензинді сатып алуға мәжбүр. Әзірге Ашхабад жайлы әсеріміз осы.
Ашхабадқа Орта Азия журналистері жиналды

Соңғы жазбалар
Фото: pixabay.com Астанадағы мектеп басшылығы 900 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Мәлімет ресми органдардан алынған,
Біз Үзүк атауын Ұлы Шыңғыс хағанның анасы Өэлүннің есіміне қосарлана жалғанып айтылатын «үжин» сөзімен байланыстыра қарастыруды
Алматыдағы Германияның Бас консулы Маттиас Кислердің бұл лауазымға араласқанына енді бір айдан кейін бір жыл толады.
Halyk Bank 300 миллион АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарыз тарту бойынша мәмілені сәтті жасағаны үшін СЕЕ
Фото: istockphoto.com Кеше БҚО ТЖД жедел кезекшісінің пультіне Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылындағы темір жол өткелінде
2025 жылдың 23 маусымында Алматы облысы, Талғар қаласында FIFA стандарттарына сай “KFF Academy by Almaty International
(Ақын-абыз Зуқай Шәрбақынұлы мен апайым Нәзира Үкібайқызына) Өмірдің ойнамалы жүлгесінде, Алдым ғой қайғысын да, жүлдесінде. Жерлермен
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында ұлттық құраманың 3 спортшысы жеңіс
Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден сары құрлық бәсекесі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер командасы 2-орынға табан тіреді.
Вьетнамның Вунгтау қаласында басталған 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты қыза түсті. Кеше әйелдер және
Біз кеудемізді қағып мақтанамыз. Бірақ түркімендер секілді халыққа жағдай жасауды ойлап отырған жоқпыз.
Алыстан арбалағанша жақыннан дорбалап, осыкөрші елдермен неге байланысты нығайтпаймыз. Мәсімовтың құлағына алтыннан сырғаа!
Есенгүл апай, рахмет сізге. Үлкен еңбек қой мұны барлығы.