Фото: gov.kz
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылдың тамыз айында Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «БУКА» ЖШС арасында жалпы құны 5,4 млрд теңгеге автожол өтпежолын салу туралы келісімшарт жасалған. Карта рынка барысинда мердігер ұйым жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешиккен.
Тергеу амалдарына сай, мердігер ұйымның директории тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен с байласа отырып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер көрсетілген актілерді рәсімдеуді және қол қоюды ұйымдастырған. Осы құжаттардың негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Сот санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды . Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеп-тексеру жалхасуда.
Парақшамызға жазылыңыз
