//

LRT «Tarlan Astana»: қай бағыттарға дейін барады? Екінші кезеңнің құрылысы қалай жүріп жатыр?

66 рет қаралды

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана әкімдігінің ресми сайты қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы жазғаны туралы хабарлайды.  Жазбада «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтап, қала тұрғындары арасында сұранысқа ие, күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келетіні туралы айтылған. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңі іске асыру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған. 

Құрылыс жұмыстары:

  • Қосшы қаласына қарай: Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылған, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалған.2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланған. Бұл бағытта барлығы үш станция салынады.
  • Жағалау шағынауданына қарай: Жоба аясында сегіз станция салу жоспарланған. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталған. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмыстары жүріп жатыр.
  • «Астана-1» теміржол вокзалына қарай бағыт (оң жағалау): Бұл бағытта №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталған. Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр.
  • Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталған. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр.
  • Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.
Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар