//

Бензин тағы қымбаттады: сарапшы бағаның одан әрі өсетінін болжайды

58 рет қаралды
фото: Zakon.kz

Қазақстандағы жанармай бағасы  соңғы 2-3 аптада  литріне орта есеппен 20 теңгеге қымбаттаған. Мұны Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Министрдің айтуынша, тауар өндіру мен жеткізу шығынындағы бензиннің үлесі 2–3% ғана. Сондықтан жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қатты әсер ете қоймайды деген болжам айтты ол.

Ақтөбеде Аи-92 бағасы шілдемен салыстырғанда 8 теңгеге өсті. Qazaq Oil бекеттерінде бір литр 243 теңге, Sinooil пен Helios-та 242 теңге, «Компаста» 240 теңге тұр. Ең арзаны «Батыс Жер» бекеті, мұнда бір литр 228 теңге. Өңірлік кәсіпкерлік басқармасы баға нарықтық жолмен қалыптасатынын, ал басқарма тек жанармай қорын қадағалайтынын айтты.

Қыркүйек соңында Аи-92 бағасы 251 теңгеге жетіп, 250 теңгелік межеден асты. Аи-95 бір литрі 322 теңге, Аи-98 365 теңге, дизель 348 теңге болды. Мұнай-газ сарапшысы Асқар Исмаилов бағаның өсуін акциз коэффициентінің 50%-дан 95%-ға көтерілуімен және бюджет тапшылығымен байланыстырады. Оның айтуынша, бюджетке шамамен 1,7 трлн теңге түспей қалған, ал бұл олқылықтың орнын тұтынушылар жабуы мүмкін.

Дереккөз: Ақ Жайық, Диапазон, Digital Business

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар