//

Еркін Ғаббасов – Азия Пара ойындарының чемпионы!

56 рет қаралды

Фото: t.me/parateamkz

Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз пара оқ атудан 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкамен нысана көздеудің R1 санатында 249,1 ұпай жинап, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Еркін Ғаббасов жарыс барысында жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Сонымен қатар ол бұл жеңісінің арқасында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.

Жарыста екінші орынды 248 ұпай жинаған Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джинхо иеленсе, оның отандасы Ли Джанхо 226 ұпаймен қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған. Азия Пара ойындарындағы бұл алтын жүлде – спортшының халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігі.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар