Фото: istockphoto.com
Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтау жоспарланып отыр, ал айдың соңына дейін орталық өңірдегі негізгі жобалардың бірі — «Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысын бастау көзделуде. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап беру барысында айтты.
