Ерлік Сертай Будапешттегі гран-при жүлдегері.

61 рет қаралды
фото: Халықаралық Семсерлесу Федерациясы

Қазақстандық шпагашы Ерлік Сертай Будапешт қаласында өткен семсерлесуден Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Ерлік Сертай турнир барысында мықты қарсыластарын жеңіп, жоғары деңгейдегі нәтижеге қол жеткізді.
Алдымен үздік 32-лікке өту үшін Ерлік Нам Ёнхоны, 16-лыққа өту үшін Бутa Левентені жеңді. Артынша ширек финалға жолдама алу жолында ол әлемдік рейтингтің екінші нөмірі, әлем және олипиаданың командалық жеңімпазы Шиклоши Гергелийді қапы қалдырды.
Ерлік жартылай финалға өту үшін Париж Олимпиадасының командалық қола жүлдегері Юрка Якубті жеңді. Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы швейцариялық Иан Хауриді (15:12) жеңді. Ол әлемдік рейтингте 15-орында тұр және өткен жылғы турнирдің финалисі болған.
Ерлік Сертай финалда венгриялық Давид Нагимен кездесіп, небәрі 3 ұпай айырмасымен есе жіберді.

Айта кетейік, Венгрия астанасында өткен бұл додаға әлемнің 350-ден астам үздік спортшысы қатысты. Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, үздік 64 спортшы қатарына Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов, Вадим Шарлаимов және Никита Жулинский енді. Ал Руслан Курбанов жарақатына байланысты жарысқа қатысқан жоқ.

Плей-офф кезеңінде де қазақстандық спортшылар күресті жалғастырды. Никита Жулинский мен Эльмир Алимжанов 1/32 финалда жарысты аяқтады. Алимжанов Кирилл Павловқа бір ғана ұпай айырмасымен есе жіберді. Келесі кезеңде Павлов Олимпиада чемпионы Кано Кокиге (15:5) жол берді. Вадим Шарлаимов Евгений Горбачукті жеңгенімен, кейін Каспер Тафенауға (15:11) есе жіберді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған