///

Павлодар қаласында қайтыс болған адамдарға «жалған» медициналық көмек көрсетілген

79 рет қаралды

Сурет: pexels.com

Павлодар қаласының прокурорлары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қаражатының жұмсалу деректеріне қатысты жүргізілген тексеріс барысында бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды әшкереледі.

Прокуратураның мәліметінше, кейбір медициналық ұйымдарда іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін ақы алынған. Атап айтқанда, невропатолог, кардиолог, хирург және психолог сияқты мамандардың қабылдауы қайтыс болған адамдардың атына рәсімделген. Сонымен қатар акушер-гинеколог дәрігерлердің медициналық көмегі ер адамдарға «көрсетілген» жағдайлар тіркелген.

Бұдан бөлек, емдеу қызметтерін негізсіз қайталау арқылы қосарланған төлем жасау фактілері анықталған. Сонымен қоса тексеріс нәтижесінде тиісті сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың науқастарға медициналық көмек көрсеткендігі белгілі болды.

Прокуратурада анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке келтірілген 100 млн теңгеден астам сома көлемінде келтірілген залалдың өтелуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда осы мәселе төңірегінде сот өндірісінде медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізу арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру және қосымша 41 млн теңгеден астам шығын келтіру деректері бойынша екі қылмыстық іс қаралуда.

                                                                                         Әсем Тугилова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған