////

Қазақтың қанын қыздырған – «Қазақстан Барысы»

1940 рет қаралды

Өткен сенбіде қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүл десі үшін ұйым дастырыл ған «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық белде су ле рі өтті. Бұл турнирдің нәтижесін бергенбіз, енді осы белдесулерді бастан-аяқ өз көзімен көрген тілшіміздің ойларына тоқталсақ.

«Қазақстан барысы» белдесулері «Дәу лет» спорт сарайында өтті. Бір жағына үл кен трибуна жасағандықтан, аталмыш Спорт сарайдың бір бүйіріндегі орындарға адам отырғызу қарастырылмады. Алайда кү рес көруге келген ел шектен тыс көп бо лып, көрермендер бос орындарға сыймай, көбісі тұрегеп тұрды. Ал кейбіреулері әлгі трибунаның артындағы орындарға барып отырып, белдесулерді «сығалап» отырып көрді. Жиналған халық «Қазақстан ба ры сы ның» жеңімпазы анықталғанша отырды. Аяғына дейін шыдай алмай, кетіп қал ған дар тым аз болды. Халықтың дені бел де су лердің соңына дейін отырды. «Хал қы мыз дың 30 пайызы спортпен айналысуы керек» дейміз, алдымызға сондай мақсат қойып отырмыз. Оған да жетерміз. Ал сол ме жеге жетсек, үлкен спорттық кешендер керек ағайын. Халқымыздың 30 пайызы спорт пен айналысса, олардың бәрін қазір гі дей 3-5 мыңдық спорт кешендеріне то пыр латып тығып қою мүмкін емес.

Сағат 4-те басталған ақтық белдесулер түнгі сағат 12-ге дейін созылды. Ығы-жығы жи­налған халық сегіз сағат бойы тап жыл май отырды. Екі-ақ рет бес минуттық үзіліс бол ды.

Ал белдесулерге келсек, кейбіреулерге ұлт тық күресіміздің қазіргі ережелері ұна ма­ғандай. Маған таяу даңқты балуанымыз, әйгілі Әбілсейіт Айханов ағамыз отырды. Әбекеңе төрешілердің кейбір шешімдері ұна май қалса, «әй, мынау күрес пе, а?» деп ала сұрады. Жанын қоярға жер таппай, тыпыршиды. Соған қарап, «Әбілсейіт аға белдесулердің аяғына дейін отырмас» деп ойлап едік. Жоқ. Отырды. Шаршаса да, шы­дады. Тіпті «қандай тамаша жігіттер бар» деп сүйсінгендігін де білдірді. «Көр дің дер ме, қазақ қалай күресті сүйеді, ая ғы на дейін отырды ғой, бәрі», – деп ырза болып, шаттанды.

Спорт саласындағы енді бір ма ма ны мыз: «Қазақ күресін жандандыру мақ са тын да қыруар іс атқарылып жатыр, феде ра ция басшылары оны қызықты етуге ты ры суда, әйтсе де, нақты бір ережесін тап пай жатқан сияқты, бірақ табады әлі», – деп бізді үміттендіріп те қойды.

Енді бір өзгеріс енгізуді қажет ететін тұ сы, ол балуандардың салмағына бай ла ныс ты сияқты. «Түйе балуан» деп аталды ма, ендеше оған ылғи ірі, алпамсадай ба луан дар шықса. Айталық, 85 келіден жо ға рылар. Ал «Қазақстан барысы» турниріне 74 келіден жоғарылар шыққан сияқты. Шын дыққа тіке қарар болсақ, 75 келідегі балуан қанша әккі, айлакер болса да, Ыстыбаев (135 келі), Рысқұл (121 келі), Нұғмаров (125 келі) секілді қазақ күресінің майталмандарын жыға алмайды. Салмағы 100 келіден асатын қазақ күресінің хас шеберлерін салмағы 74 келілік балуан тұр мақ, Тынәлиев (125 келі), Цурцумия (150 келі) сынды грек-рим күресінің сүйек майын шаққан шеберлер де жеңе алмады. Сон дықтан салмақ мәселесін тағы бір та ра зылап, сұрыптай түсу керек сияқты. Бұл – енді федерация басшыларының ше ше тін мәселесі.

Өздеріңіз байқаған боларсыздар, сал ма ғы 75-тен асатын бір балуанымыз тәп-тәуір белдесетіндігін көрсетті. Өзінен бә лен бай келі ауыр балуанды жеңіп те жатты. Бірақ бір әдіс қолданғанында, зілдей қар сыласы оның аяғының үстіне құлап, өзі жарақаттанып қалды.

Бұл кеште кілемге 60 балуан шықты. Әу баста балуандар саны 64 делінген. Бірақ төрт балуан кем шықты. Осындайда қо сал қы тізімде бірнеше балуанның тұрғаны дұрыс. Келе алмағандардың орындарына шы ғара қоятын. Себебі «Қазақстан бары сы» турнирінде төрт балуан екінші кезеңге ешкіммен белдеспей шықты. Жеребесі жеңіл түсіп, жолы болғандар, әрине. Десек те, балуандардың бәрі бірдей жағдайда бо луы керек сияқты. Абзалы 64 емес, 32 балуан жинаған. 14 облыс пен Астана мен Алматыдан екі балуаннан жинаса, 32 бо лады. Немесе балуандар рейтингін жүр гі зіп, сол үздіктер тізіміндегі 32-сін таңдап алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы, бұл турнир елдің бәріне ұна ған дай. Тамаша идея, керемет бастама! «Көш жүре түзелер» дегендей, әлі-ақ төрт құ быласы сай болып, көпшілікті сүй сін ді рер.

Осы турнирден кейін, Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеевті сөзге тартқан едік. Енді соған кезек берсек:

– Қазақстанда бірінші рет мұндай тур нир өткізіп отырмыз. Осындай қазақтың қа нын қыздыратын турнир өткізгіміз келді. Был т ырдан бастап соны қолға алып, жүзеге асыр­дық. Өзіміздің төл күресімізді, ұлттық белдесу өнерін ең әуелі біз өзіміз жақсы көруі міз керек. Өзіміз сүйіп, оны өркен де ту ге күш салсақ, сонда ол қарыштап да ми тын болады. Маған журналистер салған жер ден: «Қазақ күресін қашан Олимпиада ойындары бағдарламасына енгіземіз», – деп бас салады. Мәселе Олимпиада ойын да рына енгізу ме сонда? Біз әуелі өзіміз ба ғалап, дәріптеуіміз керек қой. Қазір қазақ күресі әлемнің 40-тан астам еліне тарады. Төрткүл дүниенің 50-60 еліне кең та раса, ол да жетістік емес пе? Қазір бес құрлық қазақ күресімен күреседі. Мұның өзі – же тістік. Олимпиада ойындарына да же терміз, әлі. Бірақ біздің қазіргі ойымыз – қазақ кү ре сін Азия ойындары бағдар ла­масына ен гізу. Мен біз жайлап өз кү ре сі міз ді дамытып ке леміз деп ойлаймын. Енді ел болып оның даму қарқынын үдете түс сек, шіркін!

Қазір осындай турнирлерді жет кін шектер арасында өткізуге де көңіл бөліп отыр мыз. Былтыр Қызылордада 5-6 сынып оқушылары арасында турнир өткізіп, 100 мың, 50 теңге көлемінде жүлде тіктік (Жал пы жүлде қоры 15 миллион теңге болды). Сонда баласы жеңімпаз атанған ата-ана лар қой сойып, той жасады. Меніңше, мұ ны көрген басқалар «әй, ананың баласы кү ресіп, бәйге алып жатыр, ал сенікі не жү ріс» деп, балаларын күреске бере (немесе баули) бастайды. Сондықтан барлық об лыс-аймақтарда осындай жеткіншектер ара сындағы турнирді көбейтуіміз керек.

– Жақсы бастама екен. Басқа қандай жол мен қазақ күресін дамыту керек деп ойлайсыз?

– Қазақ күресін мектеп бағ дар лама сы на енгізіп, бастауыш сынып оқушыларынан бас тап үйрету керек. Ұлы да, қызы да кү ре се беруі керек. Бұл жауынгерлік өнердің басты баспалдағы іспетті. Қазақ күресінде төрт тағандата күрестіру жоқ. Тек түрегеп тұрып белдеседі. Сондықтан қыздарға да үйрету керек. Пайдасы тимесе, зияны бол майды. Ауылға бір жақсы кілем болса, бол ды. Соған күресіп, үйренеді бәрін. Ал содан соң кез келген күрес түрін тез мең ге ріп кететін болады. Мысалы, жапондар дзю д осын 1-сыныптан бастап ұлына да, қы зына да үйретеді.

– Кешіріңіз, осы «Қазақстан бары сы» бел десулерінде балуандар бір-бі рін жұл малап жүріп алды. Осылай бір-бі рін жұлмалап жүргендері дұрыс па? Одан да күрессе етті?

– Қазақ күресі – күртемен (киіммен) бел десетін күрес түрі. Сондықтан бір-бі рінің күртесінен ұстауға тырысады. Ал қар сы ласы ұстатпау үшін жанталасады. Қазақ күресінде қол мен аяқ жұмыс жасау керек, дамыл таппай. Сондықтан күртеден жұл ма лаудың еш сөкеттігі жоқ. Ал егер грек-рим күресіндегідей, бір-бірінің қо лынан ұстап алуға тырысты десеңіз, оның жөні бө лек. Оған жол бермеуіміз керек. Қол дан ұс тап, қолды қайыруға тырысуға жол бер мейміз.

Автор: Нұрғазы Сасаев, “Аламан.kz”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар