//

Өтемақы төлене ме?

1445 рет қаралды
1

Саламатсыздар ма, сіздерден сұрағым келгені, мекемеде 4 ай мерзімде ғана жұмыс атқарған адамға өтемақы (расчет) төлене ме?

Жауабы: Мекемеде 4 ай жұмыс істегеніңіз үшін өтемақы (расчет) ала аласыз.

Жалпы өтемақы төлемдерi дегеніміз – жұмыстың ерекше режимi мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер; 

Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің   110-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы (расчет) төлемi жүргiзiледi.

 Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушiден қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу, шарт аяқталған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.


Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сәлеметсіз маган 5жыл стаж бар, жұмыс орынында 50% ожог болдым маган канша Компенсация төлеу керек?

Кадамбой жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,