//

Қазақстанда журналистік этика кодексі қабылданды

1427 рет қаралды
3

Дүйсенбі, 29 қазан күні Қазақстан журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы Қазақстан Республикасының журналистік этика кодексін қабылдады.

«Біз Этика кодексін әзірлеу мен қабылдау туралы Журналистер одағының бастамасын бірден қолдап қана қоймай, нақты жұмыс жүргіздік. Үш ай ішінде біздің клубтың бас редакторларымен бірге үлкен жұмыс атқарылды. Олардың аталмыш кодексті әзірлеу кезінде жасаған нақты ұсыныстары ескерілді», – деп атап өтті отырыс модераторы, «Бас редакторлар клубы» ҚҰ президенті Кенжеболат Жолдыбай.

Кодекс мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтің жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласында жасаған ұсынысына сәйкес әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша, кодекстің кейбір тармақтарына өзгерістер енгізілді.

Отырысқа қатысушылар кодекстің эстетикалық құжат екендігін айтып, журналисті ешкім кодексті сақтауға мәжбүрлемеуге тиіс емес екенін атап көрсетті.

Дереккөз: Bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Cәлем Мінбер сайтының азамттарымен азаматшалары.
    Мінбер сайтын бұрыннан көз салып қарап жүремін.
    Осы бір ай бұрын Фото Мінберді байқаған едім.
    Идеяларыңыз бірден ұнады. Қызықты.
    Бірақ, мен өзім мысалы үшін сурет жүктегім келгенде қиындық болды.
    Себебі мүмкін сіздің серверларыңыздың жоқтығы ма, әлде басқа себеб па,
    аккаун ашу жоқ.
    Соңғы кезде осындай фото блогтар мен тек фото жүктейтін сайттар,
    мысалы Инстаграмм және т.с.с үлекн сұранысқа ие.
    Менің ұсынысым, осындай фото блог тәрізді сайтқа айналдырсаңыз, фото
    мінбердің де болашағы бар деп сенемін.
    Тек сайттың дизайны мен логосын жасау керек болады.
    Әтпесе, сізге фотоларды жіберу, содан оны күту, тым ұзақ болып кетеді.
    Тындағандарыңызға рахмет.
    Сәттілік тілеймін.

  2. Салеметсізбе Мінбер ұжымы. Мен Түркия Республикасында доктарантурада окып жатқан Қазақстандық студентпін. Аты -жөнім Ғалымжан Тәжібаев. Диссертация тақырыбым “Қазақстан мен Түркия Республикаларының Бұқаралық ақпарат құралдарының (Радио және теледидар) сөз бостандығын салыстырмалы түрде зерттеу” болып табылады. Осы тақырыпқа қатысты Қазақстанға қатысты материалдарым жетіспей жатыр. Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңдардың ғылыми зерттеулер мен материалдар туралы көмек қолын ұзатсаңыздар деген өтінішім бар еді. Әсіресе БАҚ қатысты заңның және регламенттердің талдаулары мен радио мен теледидар құралдарына қатысты заң шеңберінде жасалған талдауларға қол жеткізе алмай жүрмін. Кітаптардан және интернеттен тапқан материялдардың қай заң шеңберінде реттелгені туралы толық мәліметтерге жол жеткізе алмай жүрмін. Қай жерден немесе қай сайттардан алуға боланынын сілтеме жасай алмайсыздар ма? Сіздерде матирал болмаса кімге немесе қай мекемеге хабарласуыма болатынын жазып жібере аласыздар ма? Шетелде болғандықтан елге барып матирал жинау мумкіншілігім де жоқ.
    Жауап жазар деген үмітпен алдын ала рахметімді айтамын.
    Шетелде қиналған қазақ бауырларыңызға көмек қолын ұзатар деген сеніммен ізгі тілегімді жолдаймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар