//

«Астана» Қазақстан Кубогының иегері

481 рет қаралды
2

Жексеннбінің кешінде Астананың қарлы-боранды күні футболдан Қазахстан Кубогы сарапқа салынды: Керекулік “Ертіс” пен жергілікті “Астана” еурокубогтық додада өнер көрсету құқына таласты.

Футбол.  Қазақстан Кубогы-2012. Финал:
“Ертіс” (Кереку) – “Астана” (Астана) – 0:2
Голдар: Қайрат Нұрдаулетов, 4 (0:1); Танат Нөсербаев, 82 (0:2).

Алғашқы минуттардан қос команда ширақ қимаылдады. Мирослав Беранек алаңға екі бірдей шабуылшы шығарған, Талғат Байсуфинов болса орта шепке ерекше көңіл бөлгені көрінді – жартылауқорғаушылар бесеу, шабуыл өтінде Тити Эссомба ғана.
Чехиялық маман Ұлттық құрама ойыншысы Ұлан Қонысбаевті бірден шығарған жоқ. Оң қанатта легионер Дамир Кояшевич ойнады. Мирослав бапкер қателескен жоқ: Дамирдің белсенділігі арқасында астаналықтар стандартты орындауға мүмкіндік алды. Доппен еркін өтіп бара жатқан Кояшевичке қарсы ойын ережесі бұзылды. Фокси Кетевоама көтерген допты Қайрат Нұрдаулетов қақпаға дәл бағыттап есепті ашты. 1-0.
Уақыт өте керекуліктерге де жан біткендей. Ұзыннан ұзын берілген пасқа екі бірдей ойыншы елең етті. Тити Эссомба мен Дарко Малетич әдемі комбинация ұйымдастырып еді, алайда Малетичтің соққысын тұтқиылдан жетіп келген қорғаушы қайтарды. Бес минут өткенде Эссомбаның өзі де гол соға жаздады: Қапталдан әуелей көтерілген допқа қараторы шабуылшы бірінші боп жетті, Ненад Эрич те сасып қалды, бірақ «Ертістің» сұрмергені қақпаны дәл нысанаға ала алмады.

Алғашқы минуттарда қос команданың стилі айқындалды: “Ертіс” жылдамдық пен қырағылыққа иек артса, «Астана» территориялық басымдықты ие боп, стантартты қалыптардан нәтиже шығармақ болды. Бірақ елордалықтарға дәлдік жетіспеді. Кояшевичтың орындаған екі айыпсоққысы қорғаушылардан қайтты.
Ойын тынышталды, баяу леппен өрбіген алдамшы сәттердің бірі голмен аяқтала жаздады. Ақырын жүріп анық басқан керекуліктер Эссомбаны қақпашымен бірге бір шығарып берді. Ненад Эрич жойқын соққыны қайтара білді. Уақыттың тапшылығы мен орындаушылық шеберліктің жетіспеушілігі “Ертісті” тығырыққа тіреді. Талғат Байсуфиновтың жігіттері «Астана» қорғанысын қалайда бұзуға бел буды. Ал “Астана” қарымта шабуылмен жауап қайтаруға тырысты. Қапқпашымен бірге бір шығып бара жатқан Сергей Остапенконы қорғаушылар байқамай қалды. Вячеслав Котляр командасын құтқарып қалды. Кезекті шабуыл, кезекті ұрымтал сәт. “Астана” есепті еселей жаздады. Дмитрий Лазаревскидің дәлдік жөнінен мінсіз пасын Танат Нөсербаев пайдасына асыра алмады. Марат Шахметовтің де жақын қашықтықтан қақпаға бағытталған добы қорғаушылардың азығына айналды. Аласұра шабуылдап жүріп қорғанысты «ұмытып» кеткен вице-чемпион опық жеді. Кетевоама қапталмен өтіп әріптесін тапты – допты құлап бара жатып тепкен Нөсербаев жеңімпаз жөніндегі сұрақтың жауабын анықтап бергендей – 2:0. Бес минутта екі гол қайтаруға шамасы жетпеді «Ертістің». Әзірше «Барселонаның» деңгейіне жеткен жоқ Байсуфинов шәкіртері. Ал «Астана» Қазақстан Кубогын ұтып қана қоймай Еуропа Лигасында өнер көрсету құқына ие болды.

Сонымен, Қазақстан атынан Еурокубогтарда ойнайтын командалар белгілі: ел чемпионы “Шахтер” (Қараганды) – УЕФА Чемпиондар Лигасында, сонымен қатар үш команда Европа Лигасында көсіле шаппақ – біріншіліктің күміс жүлдегері “Ақтөбе”, қола медаль иегері “Ертіс” (Кереку) және Кубокты жеңген  – “Астана”.

 

Олжас НҰРАЗХАН

 

2 Comments

  1. елімізде футбол ақсап келе жатқаны баршамызға мәлім, бұл спорт түріне көп қаржы жұмсамай ақ баска да спорт түріне жұмсап, зал ашылса……..

Алмас жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар