момышұлыЕнді бірнеше күннен кейін қазақ баласы 9-мамыр күнін 1945 жылдан бері тойланып,  жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша ерекше мерекелеп атап өтпек. Бұл, 9-мамыр 1939-1945 жылдар дүние жүзін қамтыған жиһан соғысына нүкте қойған соңғы күн болатын. Осы соғысты 1917-1991 жылдарда өмір сүрген Кеңестер Одағы өзіне меншіктеп «Ұлы Отан» соғысы десе, енді екінші біреулер «ІІ дүниежүзілік соғыс» деп атап жүр. Екі атау қазіргі біздің жаңа тарихымызда да қатар қолданылып жүрген жайы бар. Осы қырғиқабақ соғысты Кеңестер Одағы өзіне меншіктеп «Ұлы Отан» деп атайтындай соғыс тек фашист Германия мен Кеңестер Одағы арасында ғана болған жоқ әлемнің бес құрлығын түгелдей шарпыды.

Сондықтан оны тарихты бұрмалап бір мемлекет қана меншіктеп алу ақылға симайтын нәрсе. Ал қазір сол Одақ жойылған, оның орынында Тәуелсіз он алты Республика жеке дара мемлекет болып өмір сүріп отыр. Кеңестік «Ұлы Отан» да жоқ, ендеше оның мағызы да бүгін жойылды, әр мемлекеттің өз алдына Ұлы Отаны болды. Енді сол соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп атап жүргеніміз қайран қалдырады, өйткені заман басқа, қоғам басқа. Ол өткен дәуірдің еншісіде кетті емес пе? Ал егер «Ұлы Отан» соғысы деп атар болсақ, онда біздің Ұлы Отанымыз Қазақстан фашист Германиямен соғысқан болмай ма? Демек,  бұл соғысты «Ұлы Отан соғысы» деу қисынға келмейді.

Ал енді «ІІ дүниежүзілік соғыс» деп атау да ақиқаттан алшақ жатыр. Арыға бармай-ақ қоялық, жыл санауымыздан бергі осы 2000 жыл ішінде болған дүние жүзілік соғыс екеу-ақ па еді деген сұрақ туындайды. «ІІ дүниежүзілік соғыс»  қай соғыс?   Егер қайткен күнде «ІІ дүниежүзілік соғыс» деп атау шарт болса, онда «ХХ ғасырдағы ІІ дүниежүзілік соғыс»  деп анықтап атау керек емес пе? Тарихшылар осындай бір қисынсыз атау-терминдер ойлап тауып өз дәуірімен ғана уақытты өлшейтіні жиі ұшырасып жатады. Негізі бұл соғыс «1939-1945 жылдардағы дүниежүзілік соғыс» деп аталуы керек еді. Осы майданда қасықтай қаны қалғанша, алтын жанын жер-жаһанның тыныштық, бейбітшілігі үшін садаға етіп күрескен ер жүрек, батыр бабаларымыздың қан кешкен рухы асқақтай түседі. «Ұлы Отан соғысы» десек, қазіргі жас ұрпақ, «біздің Ұлы Отанымыз Қазақстан,  сонда Ұлы Отан деп қайсысын айтамыз?» деген сұрақ қояды. Демек, жас ұрпақтың дұрыс ұғыммен тәрбиеленгені жөн.  Неге шатасып жүрміз кім?

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Екінші дүние жүзілік соғыста әлем бойынша қазақ тапқан 70 миллион адамның 30 миллионы Шығыс майданда опат болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Совет одағы бұл майданда 20 миллион адамынан айырылды. Қалған 50 миллион адам басқа елдердің азаматы. Шынында да бұл соғысты қалай меншіктеп алған? Мысалы, қытайлар, моңғолдар тойламайды.

  2. құрбандарды еске алып, соғыстың шәйіттеріне құран оқып, соғыс зардабын, оған қазақ халқы да қатысқанын, олардың ерлік жолдарын нсихаттау керек. біз жеідік деп айқайлау құр далбақтау.

  3. “Шатасу:” түптенде қазығын айналып -“шатаны” табады. Атаны еске алғасын әр сөзді ойланып сөйлеген дұрыс. “Жаңылысу”, “жаңсақ қателесу” десек те жетіп жатыр. Ақиқат өзінің мезгіл-мезетінде орнығады һәм сын таразысында жауап береді. Кеңестің Ұлы болғаны рас, финдерді қосып 19-деп отырған боларсыз. Иә, орыс елі 15 мемлекеттік басын қосқаны шындық, “Союз нерушимый Республик свободных, Вспотила навекий Великая Русь! Да, Здравствует созданный волей народа единый, могучий Советский Союз!
    Гимн-Әнұран осылай емес пе еді? Иә, мынасы маған жақпайды деп тарихты күйелештеуге яки сызып тастауға болмайды. Ресейдің үстінде екі Күн тұр: бірі батфып, екіншісі шығаста шапақ атып келе жатады.
    Орыстың мықты жазушылары қазақтың Ұлы Отан соғысының, басқа емес, Ұлы Отан соғысының қан майдандағы ерліктерін еңіреп отырып жазғаны тағы рас. Менің алты атам ұрыс даласынан оралмады. Әгәрәкәм, біздің халқымыздың майдан мен тылдағы ерліктері кино хроникада, я болмаса көркем фильмдерде әлі нақ көрсетілмей келеді десек, ақылға саяды, шыңғырып тұрған шындық…
    Бізді тастап орыс, орысты біз жеріп ауа көшіп кете алмаймыз, басыңа әлдеқандай күн туса сенің үшін опат болатын да орыстың сары баласы, сыйластықтың туын жоғары ұсталық, ұят болады.Біз азбыз, /шығысыңда 2 млрд. тажал отыр/ әлсізбіз, әлі талшыбықпыз…

    • 16 мемлекет, 19-деп мүлт кеттім, механикалық қателік қой асығып отырып, кешіргейсіздер….

  4. Мен орыспен ұрсысайын деп отырғаным жоқ. Көршіңмен тату-тәтті тұрғанға не жетсін. Алаш баласы талай үлкен сұрапыл соғыстарды басынан кешкен. Сол соғыстар неге ұмыт болып қалды? Біздің Ұлы Отандарымыз болған, олар да ұмыт болып, неге 70 жыл отарында борлған елді Ұлы Отан дейміз? Осы соғыста шейіт болған бабалар ерлігін жырлайық, айтайық, аруағын сыйлайық. Ал сол дәуірде біздің ел орыстың боданы болғанын да ашық айтуымыз керек емес пе?

  5. Ресей телеарналарында көрсетілетін кино-фильмдер 1941-1945 жылғы соғысты орыс халқының жеңісі ретінде көрсетуден бір танбайды. Әрі-беріден соң сол соғыста құдды тек орыс ұлты ғана ерлік көрсеткен секілді сюжеттер сомдалады. Осыны көре-тұра сұм соғысты «ІІ Дүниежүзілік соғыс» деп бағалаудың орнына, солтүстіктегі көршімізбен бірге әрбір жылы «Ұлы Жеңіс күнін» еске алып, мәре-сәре той өткізуден бір жалыққан емеспіз. Тарих қойнауына көз жіберер болсақ, бабаларымыз жалдамалы әскер болып өзге елдер үшін қаншама мәрте қан кешкен. Біз Византия мемлекетін қорғап қалған Кеген ханды, Грузияны сыртқы жаулардан аман сақтаған Артық ханды, Мысырды жауламақ болған басқыншыларды тас-талқан еткен Бейбарысты батыр бабаларымыз деп мақтан тұтамыз. Олай болса, біз Бауыржан, Қасым, Төлеген, Талғат, Мәншүк, Әлия, Хиуаздарды да фашистік Германияның агрессиясынан Ресейді қорғап қалған қазақ халқының батырлары деп мадақтағанымыз абзал. Осы тұста айта кететін жайт, мектеп қабырғасында жүргенде біздің толқынға 1812 жылғы орыс-француз соғысы «Отан соғысы» деп оқытылды. Тарихшыларымыз оған дәлел ретінде орыс-француз соғысына Бөкей ордасының жүздігінің қатысқандығын алға тартатын. Дербестік алғаннан кейін бұл соғысты «Отан соғысы» демек түгілі тарих оқулықтарынан көрмейтін болдық. Ал, бірақ біз одан кейін болған 1941-1945 жылғы қан кешуді ІІ Дүниежүзілік соғыс деп бағалаудың орнына әлі күнге дейін «Ұлы Отан соғысы» деумен келеміз. Тегінде, 1812 және 1941-1945 жылдардағы басқыншыларға қарсы күрес тек орыс халқы үшін ғана Отан соғысы саналады…. күндердің күнінде «Ұлы Отан соғысы» деген жалаң ұғымды тәуелсіз санасы қалыптасқан өскелең ұрпақтың «ІІ Дүниежүзілік соғыс» деген ақиқат ұғыммен алмастыратыны анық

  6. Кешіріңіздер заман өзгермеді, керсінше адам өзгерді. Қазіргі кезде қай жағынан айтсақ та, оны түсініп жаптқан, астарын біліп жатқан жастар шамалы-ақ!

  7. Біз аталарымыздың жасаған ерлігін сөз айтып жеткізе алмаймыз. Біздің негізгі міндетіміз кейінгі ұрпаққа бабалар ерлігін жақсы насиқаттау, тарихымызды жеткізе білу. Олар осы кезге дейін бізге жеткізді, енді соны еш өзгеріссіз дәл сол қалпында жеткізу. Ол солай Ұлы Отан соғысы болып қалады, солай тойланып келе жатыр. Енді өзгерткенімен, ол сөз яғни “Ұлы Отан соғысы” халықтың санасында жатталып қалды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі