////

Мирзоян басқарған жылдары16 мыңнан астам адам атылды

2639 рет қаралды
4

mirzoyanАстанадағы Левон Мирзоян көшесiне хал­қымыздың аяулы ұлы Қаныш Сәтбаевтың есiмi берiлетiн болды. Бiрақ бұған қарсылар да бар. Мирзоян көшесiнiң атының өзгертiлуiне алғашқылардың бiрi боп Қазақстандағы армян мәдени орталығының жетекшiсi Артуш Карапетян наразылық бiлдiрдi. Осы жерде мынаны еске сала кетсек деймiз. Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң Мәдени орталықтары құрыла бастағанда тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаят “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде былай деген едi: “Бұл мәдени орталықтар тек мәдениетпен ғана айналысады деп билiк қатты қателесiп отыр. Ертеңгi күнi-ақ бұлар саясатпен айналысып шыға келедi. Және қазақ халқының ұлттық мүддесiне қарсы бағытталған саясаттың сойылын соғатын болады”. З.Қинаяттың айтқаны айдай келдi. Қош делiк. 

Қазақстанды Левон Мирзоян бас­қарған 1933-38 жылдарда қуғын-сүргiнге ұшырап, опат болғандар арасында:

Жүсiпбек Аймауытов,

Ахмет Байтұрсынов,

Мiржақып Дулатов,

Мағжан Жұмабаев,

Сәкен Сейфуллин,

Бейiмбет Майлин,

Iлияс Жансүгiров,

Темiрбек Жүргенов,

Әлiбек Қоңыратбаев,

Смағұл Садуақасов,

Ахмет Бiрiмжанов,

Нығмет Нұрмақов,

Сұлтанбек Қожанов,

Нәзiр Төреқұлов,

Ыдырыс Мұстамбаев,

Бiләл Сүлеев,

Мырзағазы Есболов,

Абдолла Асылбеков,

Әбдiрахман Айсарин,

Сейiтқали Меңдешев,

Жалау Мыңбаев,

Халел Ғаббасов… т.б зиялылар болды.

Бұлар – елдiң қаймағы едi.

Ал ендi осы мәселеге қазақ зиялылары не дейдi?

Ғаббас Қабышұлы, жазушы:

– Өз басым 1933-38 жылдары Қазақстанды басқарған Левон Мирзоян жөнiнде ҚР пре­зидентi Н.Ә.Назарбаевқа да, Мемле­кеттiк хатшы М.Тәжинге де арнайы хат жаздым. Бiзге белгiлi болып отырғаны – Л.Мирзоянның бiр жылда, яки желтоқсан, одан кейiн шiлде айында Сталинге жазған екi құпия хаты. Ал өзге жылдары мұндай құпия хаттың талайын жазды ғой ол. Бiрақ ол хаттар әзiрге қолға түспей тұр. Сұмдық қой, осы екi хатта адамдарды ату үшiн Л.Мирзоян Сталиннен лимит сұрайды. Осы лимит арқылы 16 мыңнан астам адам атылған. Адам атудан Л.Мирзоян “жоспарын” өзге республикалардан гөрi асыра орындаған. Жалпы, кейбiр тарихшылардың айтуынша, асылғаны, атылғаны, қуғын көргенi бар, Қазақстанда 1937 жылы 110 мыңнан астам адам опат болған…

Қазаққа жаны ашитын, қа­зақты қорғағысы келетiн адам осындай да лимит сұрай ма?! Демек, Л.Мирзоянның қазаққа да, Қазақстанға да титтей де жаны ашымаған. Сондықтан да Левон Мирзоянның Қазақстаннан атын мүлде өшiру керек.

“Ойбай, Мирзоянды қазақтар “Мырзажан” дептi…” деген пiкiр де – түгел жалған! Өтiрiк! Халық Мирзоянды ешуақытта “Мырзажан” демеген. Оны “Мырзажан” деп жүргендер – жағымпаздар, жарамсақтар, күнкөр­гiштер. М.Шахановша айтқанда, “ТЖ”-лар. Халқын сатқан опасыздар, арсыздар. Марқұм Мадат Аққо­зин мықты журналист едi ғой, сол былай деп жазғ­ан болатын: “Голощекиннiң жаппай ашаршылығынан кейiн Мирзоянның жаппай атып-асуы басталды”. Осы – рас сөз. Осыған тоқтау керек.

Айтпақшы, Сталин Мирзоянды былай деп сынаған: “Л.Мирзоянды қай жерге жiбермеңiз, ол өзiмен бiрге 30-40 адамды ұдайы бiрге ала жүредi. Барған жерiнде бұл сұрқылтайларды iрi, жауапты, майлы қызметке қояды. Ол осылайша бiздi де (Кремльдi дегенi – ред.) тыңдамайды, жергiлiктi зиялылардың да сөзiн құлағына қыстырмайды”.

Қазақты жек көрген, қазаққа iшi жылымаған, қазақты қойша көгендеп қырған адамға бiз қазақтың жерiнен көше атын берсек, бiздi аруақ атады ғой, айналайын-ау…

Мәмбет Қойгелдi, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Заманның өзгеруiне, уа­қыттың өзгеруiне байланысты құндылықтар да ауысады. Қа­зiргi күнi тарихтың талай құпиялары белгiлi болды. Өз басым тарихшы ретiнде “Л.Мирзоян қазақ зиялыларын қолдап едi, қорғап едi” дегенге сенбеймiн. Л.Мирзоянның әйелi Қазақстанда марксизм-ленинизм институтын басқарған. Басқарып жүрiп “халық жауы” ретiнде айдалып кеткен. Сол тұста Л.Мирзоян өзiнiң әйелiн қорғап қала алмаған. Әйелiн қорғай алмаған адам қазақты қалай қорғайды?! Жалпы, бiз белгiлi бiр адамның есiмiн көшеге, мектепке, ауыл­ға, ауданға (қалаға) берерде “Бұл адам осы елге, осы жерге қандай еңбек сiңiрген едi?” деген мәселе жөнiнде мықтап ойлануымыз керек.

Әмiр Нұртайұлы. “Жас Алаш”

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өз елінің емес, өзге елдің сойылын соққан ана Артуш сиқтыларды елден аласта, Алаш баласы! Бұлақ Қазақ Елі үшін емес, тек күнін көру үшін ғана тірлік етіп, тірі жүргендер. Артушқа Мирзоянның қасапшылығы туралы тарихшылар сабақ өтіуі керек.

  2. Армысыздар, Алаш елінің жанашырлары! Мені де осы Мирзоян есімі соңғы кездері қатты ойландырып жүр. Сол 1937-38 жылдардың нәубетінде Көкше жері де талай арыстарынан айырылғаны белгілі. Сол тұлғалардың шахит болуына Мирзоянның қатысы барын оқып білгенде ауыр сезімде болдым. Себебі, сол аты өшкір Мирзоян қаламыздағы дардай атағы бар Президент атындағы Зияткер мектептің көшесін еншілеп алған. Осындай білім ордасына “Сұрша жыланның” (Мирзоян) лайық емес деп есептеймін. Атын өшіру үшін не істесем болады? Әкімдіктен тыңдар құлақ табылар ма екен.

  3. Құрметті, Қайрат А-К, бұндай қанішерлердің әліде еліміздің көптеген қалаларында “сайран салып” жүргені анық. Солардың әр жерде жеркілікті тұрғындар әуімшілікке, маслихатқа мәселе қойып тұзетіп жатыр.Ниетің өте дұрыс. Көп болып күрессе қолдан келмейтін іс жоқ. Алға қойған мақсатыңнан табыс күтеміз!

Мінберліктер жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері