Бүгін, менің туған күнім,бір қызығы бұрынғы туған күндерден бөлек болды, себебі кешеден бері құттықтау сыйлық ,қошемет: бұрын ондай емес еді, кейде,туған күнім неше күн өткенде есіме түсетін . Яғный бұл менің сыйлы қарт шағымның басы, бүгіннен бастау алып тұрғандай,,,,,,,, Дәл,осы шаттанған сәтімде, есіме анам түсті. Анам, мен туарда үш күн толғатыпды,мен теріс келіппін, енді анамды өледі дегенде,абысыны Сәбем келіп, сырмаққа салып оңба- теріспе жасағанда ,мен туыппын. Сонда бүгінен бұрын анамның сол жан қыйналысын ,бүгінгідей тебіреніп бір ойламаппын. НЕТКЕН АҚМАҚТЫҚ! Шіркін ,анашым! қайтып қыйналды екенсіз? шексіз ауырған шығар, мен еркек болған соң ,өзмінің қай жерімнің ауырғанымен де салыстырып , СІЗДІҢ МЕНІ ТУҒАНДА ҚАЛАЙ ҚЫЙНАЛҒАНЫҢЫЗДЫ СЕЗЕ АЛМАЙ ЖАНЫМ ҚЫЙНАЛЫП, ОТЫР. Анашым, сіз маған ,өмір бақый еш міндет артпадыңыз. Сіз өмір бойы , біздің бар ауыртпалығымызды арқалап өттіңіз. Кім, әлсіз болса соның жолында құрбан болдыңыз,аштағанды тойдырып, шөлдегенді суардыңыз. Бұл ,сөзді жәй айтып отырғаным жоқ,сіз әкеме ,бізге ,келген қонаққа әр бір жарты сағат сайын шай сусын ,тамақты отырған орнына дейін тасып, күні бойы бізді күтуші едіңіз,олайша кейбір жандар ауру адамға да қарап баға алмайды, түнде төсекті мамықтайғып ,өзіңіз салып, таң ата өзіңіз тұрып,тас болып қатып қалған мұзды ойып шай қойып үйді жылтқан соң,бізді ойатып ,үй жылыды, шай іш деп отқа қақтаған ұлтарақты,түнімен аударып кептірген етігіме салып жататын едіңіз. Түнде біз жатқан соң киімдермнің жыртығын жамап, түймелерін қадап ,кейде табылмаса басқа өңнің де түймесін қадайтыныңыз болушы еді. Анашым,жан анам, мен бүгін енді түсіндім,менің туған күнім,ол бала тірі жүргенде , анасының жүрегіне ең терең бойлап, жақсылығын ақтауға арналған сіздің құрмет күніңіз екен,,,,МЕН ТЕРІС ҰҒЫП ,ТУҒАН КҮНІМ МЕНІҢ ҚҰРМЕТТІ КҮНІМ ДЕП ЖҮРІППІН. мен, сіз кеткеннен бергі жыйрма жылда, өзімнің 60- жасымда бүгін енді түсіндім,,, недеген кеш,,,енді мен қайтем не жасаймын ,анашым мені кешіріңізші,,,Дәл бүгін мен сізге арнап дүниедегі ең биік ескерткіш орнатсам, сізге жасай алмаған еңбегім ,орындалмаған арманым ақтала ма?Ол да аз білем. Бірақ олай жасау әлі де қолымнан келмейді,,, Анашым,еркек адам анасының ақ сүтін ақтамақ тұрғой, әйелінің өзіне сіңірген еңбегін де ақтай алмайды екен,, Енді анашым ,бүгінен бастап, бұл өмірде қайта кезігетін ,алла бұйыртқан туған күндерім болса ,ол күнді тек сіздің құрметіңізге арнап ,алладан сіздің бұл дүниеде біліп білмей жасаған күәләріңізді кешіруін сұрап, сізге құран аудартып,тұрамын, айтпақшы быйыл сізге жаман балаңыз үлкен қажылық жасадым, алла қабыл алса екен. Анашым, еркек болып туудың осал тұстары көп екен. Сізді түсінбей, осы ұлдардың шалағайын ай дейтін олқы тұсым қанша болды екен? сіз құсаған өз жарына да ешкімге, өмірінде бірде адамға, ,бір де рет жаман сөз айтып көмеген иманыңыз жолас болғыр қайран анашым, маған деген барлық кері сезімің ішіңде кеттіау. шіркін ку, жалған ай,түбіне бірде пенде бойламаған. Анашым, мен сізге енді құран бағыштауға міне тұрдым, БАҒАНА ДА ОҚЫП ЕДІМ ТАҒЫ ТАҒЫ ОҚЫЙЫН, Енді менің қолымнан келетіні осы ғана екен-ау: Ой жалған-ай, десеңізші.
Бурахан Сағиданұлы: АНАШЫМ, ӨТІНЕМІН, МЕНІ КЕШІРІҢІЗШ І!!!немесе туған күн туралы толғау

Соңғы жазбалар
Кейінгі онжылдықтың бедерінде Қазақстандағы медиа кеңістік бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырады. Адамдар ақпаратты бұрынғыдай қалыптасқан базасы бар
1,18 миллион жазылушысы бар танымал қазақстандық AIRAN YouTube-арнасы өз жұмысын тоқтататынын ресми түрде жариялады. Соңғы екі
2026 жылғы 31 наурызда Алматыда танымал заңгер әрі блогер Молдахан Әділетханның ұсталғаны қоғамда қызу талқыға түсті.
Қазір мені сырттай көргендер бағалы көлік мініп, үстіме қона кеткен костюм кигеніме қарап, “тағдыры жеңіл, жолы
Соңғы бес жылда Қазақстанда жастар арасындағы өзіне қол жұмсау көрсеткіші Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында
Елорда төрінде семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан
28 наурыз күні еліміздің түкпір-түкпірінде дәстүрлі түрде жарық сөнеді. Бұл – электр энергиясын үнемдеуден бұрын, табиғатқа
Ботагөз Омарова ісі ресми мәлімдемелер мен тәуелсіз медиа тәжірибесі арасындағы алшақтықты қайтадан күн тәртібіне шығарды. 21
2026 жылдың 21 наурызында Алматы қаласының Аль-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік апаты болып, үш адамның өмірін жалмады.
Фото: facebook.com 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні Алматыда болған жол-көлік оқиғасы бірнеше күн ішінде қоғам
Иә, “АНА” – деген ұлы ұғым. Сол қайран аналарымыздың аялы алақанына, мейірімге толы жанарына тең келер құдірет жоқ шығар, сірә!!! Анасының артында қалған перзентінің сағынышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес… Тек, қол жайып дұға қылуды ғана пенделік көңілге медеу тұтарымыз анық. Одан басқа қолдан келер қайран жоқ.