////

«Бесоба синдромы» немесе жемқорлар Қазақстанды қашан құлатады?

5236 рет қаралды
3

Өткен аптада Алматының «Алғабас» шағын ауданындағы көпқабатты апатты тұрғын үйдің сүрілетіндігі туралы ақпарат тарады. Бұл жайында Алматыда өткен арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеген.

Сұлтанбек Мәкежанове
Сұлтанбек Мәкежанов

«Үйді тұрғызу барысында құрылыс нормаларының талаптары бұзылған. Сол себепті де, үй құлауға жақындаған».

Үй «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынған. Оның құрылысына мемлекеттің 459 миллион теңгесі жұмсалған.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Алғабас-6» шағын ауданындағы «Қол жетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлердің барлығын тексеруге тапсырма берді.

Бұл Қазақстанда соңғы он жылда қыруар қаржыға салынып, бірнеше жылға жетпей, құлап қалып жатқан мұндай әлеуметтік нысандардың алғашқысы емес.

Жұрт өзгені ұмытса да, 2009 жылы тұрғызылып, 2012 жылы қалың елдің көз алдында бір сәтте опырылып түскен «Бесоба» тұрғын үй кешенінің қалай қирағанын әлі ұмыта қойған жоқ. Әлеуметтік нысан құлаған сайын «Бесоба» көз алдымызға елестейтін болды.

Мұндай құбылысты «Бесоба синдромы» деп атауға мәжбүр болдық.

Мәселен, төмендегі кестеде 2009 жылдан күні бүгінге дейін қыруар қаржы бөлініп, жыл аспай, қажетке жарамай қалған әлеуметтік нысандар туралы ақпарат беріледі.

Басталған жылы Аяқталған жылы Нысан атауы Бөлінген қаржы
2009 2009 Атырау қаласында салынып жатқан автомобиль көпірі (Еділ өзенін кесіп өту үшін) 3,5 миллиард теңге ұрланғаны белгілі болған, 8 адам қайтыс болған
1962 2015 Павлодардағы «Кутузов» көпірі Реконструкцияға 130 миллион теңге бөлінген (бірақ төленбеген)
1974 2015 Атырауда бес қабатты жатақхана құлады 2014 жылы сүрілуі тиіс болған
2009 2012 «Бесоба» тұрғын үй кешені Желге ұшқан қаржы – 330 миллион теңге
2010 2010 Шығыс ауылы, Өскемен қаласы «Нұрлы көш» бағдарламасымен тұрғызылған «Шығыс» ауылы (Өскемен қаласы) толығымен жылынбайды, тұрғындар электр тогына көп қаржы жұмсалатынын айтып шағымданды, бұл ауылды тұрғызу үшін 5 миллиард теңге жұмсалған
2011 2015 Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова және Сәңкебай батыр көшелерінің қиылысындағы опырылып құлап түскен жолайрығы қайта салынбақ Бұл құрылысты салу үшін 150 миллион теңге жұмсалған
2012 2012 Ақтөбе облысында Батыс Еуропа –Батыс Қытай жобасының аясында жаңадан салынған көпір Бұл көпірге қанша қаржы кеткендігі туралы ақпаратты таппадым
2014 2015 Қызылордада салынып бітпеген 5 қабатты үйдің құлауы (Қолжетімді баспана – 2020 бағдарламасымен салынып жатқан) 1 адам қайтыс болды, 2 адам жарақаттанды
2015 2015 Саин Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайырығы Құрылысына 10,5 миллиард теңге бөлінген,1 адам қайтыс болды, 21 адам жарақаттанды
2014 2016 Алматы қаласы, «Алғабас» ықшам ауданындағы тұрғын үй
Апатты тұрғын үйдің құрылысына 459 миллион теңге жұмсалған

Міне, «Бесоба» синдромын теріп жаза берсеңіз, бұдан да көп дүниенің куәсі болуыңыз мүмкін. Бұл біздің көзімізге іліккені ғана. Мемлекеттің қаржысына салынған нысандардың жемқор құлқынның салдарынан осылай бір күнде апатқа ұшырап жатқанына кім кінәлі? Әлеуметтік жауапкершілік кімнің мойнында?

Мәселен, 2013 жылы Латвияның «Максима» сауда үйі құлап түсіп, біраз адам қаза болғанда,

сол кездегі Латвия Премьер-министрі Валдис Домбровскис әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кеткен болатын,

photo
Владимир Божко

алайда бізде ешқандай әкім не министр өз саласында болып жатқан былықтардың саяси не әлеуметтік жауапкершілігін өз мойнына алған емес. Керісінше, сол салаға жауапты адамдар басқа бір қызметке ауысып, үнемі өсу жолында болады.

Мысалы, соңғы жылдары топан судан көз ашпайтын Қазақстан тұрғындары жыл сайын қайталанатын төтенше оқиғаға Владимир Божконы кінәлап келді. Алайда, Сырдың суы Божконың сирағынан да келмейді. Осы қызметте табан аудармай пәленше жыл отырды да, депутаттық жылы креслоға барып қонжия кетті.

Жер реформасын сәтсіз жүзеге асырылғанына кінәлі танылып, отставкаға кеткен Ұлттық экономиканың экс- министрі Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингі секілді майлы жіліктің басын ұстады.

Яғни, мемлекеттік шенеуніктердің мемлекет қаржысы, ел алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезіну деңгейі бізде өте төмен. Атқамінерлер сол жауапкершілікті сезінбейінше, «Бесоба» синдромы өрши бермесе, кеми қоймас.

Есенгүл Кәпқызы, www.365info.kz сайтынан

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды деуші еді, біздің биліктің ісіне айтылған сөз-ау деймін.

  2. “Бесоба синдромының” кебін киген құрылыстардың мән-жайын ,құжпттарын жинақтап ҚРПарламентінің құрылыс мәселесін қарайтын комитетінің қарауына жолдап,бұл құрылыстарды жүргізген мердігерлер мен оларға осы мүмкіндікті жеңіп әперген тендерлік комиссияны қылмыстық жауапкершілікке шақыруды сайлаушылвр мен тұтынушылар атынан қатаң талап ету керек!

Боранбай жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері