//

Әркiм – ол кім?

574 рет қаралды
1

Конституцияға өзгеріс енгізу туралы жоба ұсынылып, ол жалпыхалықтық талқылауға шығарылғаны мәлім. Жобада мынадай бір түсініксіз нәрсе бар екен. Қолданыстағы Конституцияның 26 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деп жазылған. Осы тармақты «Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады» деп өзгерту туралы ұсыныс енгізілген.

Осы жердегі әркім – ол кім? Қазақстан азаматтары ма, шетел азаматтары ма? Әлде елдің азаматы болсын, болмасын кез келген адам ба?
Егер Конституцияға осы өзгеріс еніп кетіп, әркім (?) “заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алатын” болса, мұның арты зор қауіпке әкелмей ме?
Талқылауға шығарған екен, талқылайық!

Өміржан Әбдіхалықұлы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Өміржан өте дұрыс байқаған. Шынында да әркім, ол кім? Ата заңға осындай екіұшты ұғым беретін сөз жазуға бола ма? Егер болса ондағы мақсат не? Бұрынғы заңдағы дұп дұрыс азаматы, ҚР азаматы деген атау неге ауыстырылды. Демек бұнда бір құтырқы іс бар. Гәп бар. Меншік иесі кім болса да болады деген сөз ғой. сонымен Ата Заңға “”Әркім” деген атау енсе, онда кім көрінгенге сатып жіберген ҚР ның мүлкі, Ата заң бойынша сол кім көрінгеннің, ол ҚР ның азамат оған қарамайды, меншігі болады деген сөз. Бұндай ақымақтыққа барғызбау керек. Бұндай өзгеріс ұсынып отырған адамды ҚР ның мүлкін талан таражға салмақ ниетті ұсыныс енгізгені үшін жазалануы керек. Біздің пікір осы!

Қарамер жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,