Өткендегі қатты аяздың кезінде ауыр қайғыға душар болдық. Бөлемнің желкілдеп өсіп келе жатқан 15 жастағы ұлы аяқ-астынан инсульт болып дүниеден өтіп кетті.
Баланы Өжеттегі зиратқа жерлеу үшін рұқсат алуға бардық. Зираттың админстраторы (шырақшы деуге келмейді): жер бар, 55 мың теңге төлеп аласыңдар деді. 55 мыңда естігенде шар еттім: – Бұларың адамды тонау ғой. Мұндай ақшасы жоқ кедей өлсе, көмусіз қала ма? Не деген сұмдық, – дедім. Алсаң ал, алмасаң қой. Кеңсайға барсаң мұнан бес есе көп төлейсің деді. Мұншама ақшаны не үшін беруіміз керек деп едім алдыма прайс-листті тастай салды. Оны көргенде тіпті ызаландым. Адамдардың өлімінен ақша жасауды кəсіпке айналдырған екен. Солай деп едім, менің қатысым жоқ, керек болса басшыларға бар. Орталық зираттың кассасына осы ақшаны төлеп келген соң жерді көрсетемін деп тайып тұрды. Ол кассасы дүйсенбі ғана істейді екен. Күн болса жұма. Мəйітті үш күн қойып қоймайсың ғой. Сосын əлгінің үстінен қарайтын басшыға хабарласып едік, біраз күттіріп келді. Келді де жер міне, кассаға 70 төлеңдер де алыңдар деп миығынан күлді. Тілімді тістеп мен тұрдым. Бөлем кассаның дүйсенбі ғана істейітін айтып, жалынып-жалпайып жүріп 70 мыңды əлгінің қолына берді. Жер қазатын бір-ақ адамымыз бар, қазір жер 1 метр тоң, ол көмекшімен келеді. Көмекшіге 10 мың жеке төлейсіңдер деп, жерді көрсетіп кетіп қалды. Бұл сағат 1-дің кезі еді. Кешкі 4-5-тер шамасында көр қазушылардың жағдайын білуге барсақ екі мас орыс қазатын жерді сызып қойып отыр екен. Содан ағайын-туыс, дос-жарандар жабылып түнімен тоңды ойып көр қазды.
Енді сұрақ. Көр сатушыларды кім бақылайды. Адамдардың қайғысынан ақша жасап жүрген арамзаларды кім тоқтатады? Олар прайс-листте көрсетілген қызметтің бірін де жасаған жоқ. Бірақ, 70 мың теңгені сыпырып алды. Бұл алаяқтық емес пе? Бұл қылмыс емес пе?!
Бауыржан Байбек мырза, көр сатушыларды кім бақылайды?

Соңғы жазбалар
2026 жылғы 31 наурызда Алматыда танымал заңгер әрі блогер Молдахан Әділетханның ұсталғаны қоғамда қызу талқыға түсті.
Қазір мені сырттай көргендер бағалы көлік мініп, үстіме қона кеткен костюм кигеніме қарап, “тағдыры жеңіл, жолы
Соңғы бес жылда Қазақстанда жастар арасындағы өзіне қол жұмсау көрсеткіші Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында
Елорда төрінде семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан
28 наурыз күні еліміздің түкпір-түкпірінде дәстүрлі түрде жарық сөнеді. Бұл – электр энергиясын үнемдеуден бұрын, табиғатқа
Ботагөз Омарова ісі ресми мәлімдемелер мен тәуелсіз медиа тәжірибесі арасындағы алшақтықты қайтадан күн тәртібіне шығарды. 21
2026 жылдың 21 наурызында Алматы қаласының Аль-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік апаты болып, үш адамның өмірін жалмады.
Фото: facebook.com 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні Алматыда болған жол-көлік оқиғасы бірнеше күн ішінде қоғам
Жетісу облысы – Қазақстандағы су қоры мол өңірлердің бірі. Соған қарамастан, соңғы жылдары аймақ өзендеріндегі балық
Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылы соңғы жылдары экологиялық түйткілдің ортасында қалып отыр. Ауыл маңындағы қоқыс полигоны