Өткендегі қатты аяздың кезінде ауыр қайғыға душар болдық. Бөлемнің желкілдеп өсіп келе жатқан 15 жастағы ұлы аяқ-астынан инсульт болып дүниеден өтіп кетті.
Баланы Өжеттегі зиратқа жерлеу үшін рұқсат алуға бардық. Зираттың админстраторы (шырақшы деуге келмейді): жер бар, 55 мың теңге төлеп аласыңдар деді. 55 мыңда естігенде шар еттім: – Бұларың адамды тонау ғой. Мұндай ақшасы жоқ кедей өлсе, көмусіз қала ма? Не деген сұмдық, – дедім. Алсаң ал, алмасаң қой. Кеңсайға барсаң мұнан бес есе көп төлейсің деді. Мұншама ақшаны не үшін беруіміз керек деп едім алдыма прайс-листті тастай салды. Оны көргенде тіпті ызаландым. Адамдардың өлімінен ақша жасауды кəсіпке айналдырған екен. Солай деп едім, менің қатысым жоқ, керек болса басшыларға бар. Орталық зираттың кассасына осы ақшаны төлеп келген соң жерді көрсетемін деп тайып тұрды. Ол кассасы дүйсенбі ғана істейді екен. Күн болса жұма. Мəйітті үш күн қойып қоймайсың ғой. Сосын əлгінің үстінен қарайтын басшыға хабарласып едік, біраз күттіріп келді. Келді де жер міне, кассаға 70 төлеңдер де алыңдар деп миығынан күлді. Тілімді тістеп мен тұрдым. Бөлем кассаның дүйсенбі ғана істейітін айтып, жалынып-жалпайып жүріп 70 мыңды əлгінің қолына берді. Жер қазатын бір-ақ адамымыз бар, қазір жер 1 метр тоң, ол көмекшімен келеді. Көмекшіге 10 мың жеке төлейсіңдер деп, жерді көрсетіп кетіп қалды. Бұл сағат 1-дің кезі еді. Кешкі 4-5-тер шамасында көр қазушылардың жағдайын білуге барсақ екі мас орыс қазатын жерді сызып қойып отыр екен. Содан ағайын-туыс, дос-жарандар жабылып түнімен тоңды ойып көр қазды.
Енді сұрақ. Көр сатушыларды кім бақылайды. Адамдардың қайғысынан ақша жасап жүрген арамзаларды кім тоқтатады? Олар прайс-листте көрсетілген қызметтің бірін де жасаған жоқ. Бірақ, 70 мың теңгені сыпырып алды. Бұл алаяқтық емес пе? Бұл қылмыс емес пе?!
Бауыржан Байбек мырза, көр сатушыларды кім бақылайды?

Соңғы жазбалар
Фото: gov.kz Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан»
Фото: primeminister.kz Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық
Фото: gov.kz 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерінің басын қосатын
Фото: istockphoto.com Пилоттық жоба үш оқу жылына арналған және білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі Кешенді
Барған сайын ақпарат агенттіктері мен редакциялар WhatsApp қосымшасында жеке арналарын ашып, жаңа трендке ілесіп жатыр. Еске
Енді он күннен кейін жаңа оқу жылы басталмақ. Пандемия жағдайындағы білім беру биыл өзгеше, қашықтан білім
Microsoft Translater blog сайты қазақ тілінің Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің де қосылғанын жария етті.
Мамырдың 31-і саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Бұл күнге арнап әдейі Үндеу жасаған
Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және
Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қытай азаматы, Сайрагүл Сауытбайға алты ай шартты жаза кесіп, Қазақстанда қалдыру