//

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ҚАЙДА?

1242 рет қаралды

Осы Қазақстан Журналистер Одағы бар ма, өзі?  Сейітқазы Матаевтың тағдыры жалпақ жұртқа аян. Бірақ, бір таңқаларлығы – Қазақстан Журналистер Одағы деп жүргеніміз жалғыз Секең екен-ау. Матаев істі болғалы журналистер Одағының өлі-тірі екені белгісіз.

Елде неше түрлі  іс-шаралар  өтті:  жылдағы БАҚ қызметкерлерінің күні, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы сияқты мерекелерде БАҚ қызметкерлерінің еңбегіне баға берілер еді. Тым-тырыс.

Төраға істі болды, бірақ қоғамдық ұйымның жұмыс атқаратын органы болуы керек емес пе? Төрағаның міндетін уақытша атқаратын немесе төрағаның орынбасары, хатшысы дегендей  лауазымдары жоқ бұл не деген одақ?

Журналистер Одағы деп  қопақардай ғып жүргеніміз, жалғыз Матаев екен ғой.

Бүкіл Қазақстан бойынша мүйізі қарағайдай болып жүрген журналистердің серкелерінің неге үні өшіп қалды? Бірде – біреуінің бас көтеріп, оу, Матаев түрмеде,  қалғанымыз  бостандықтамыз,  тірлігімізді неге  жасамаймыз демеуі қалай?

Тіпті Матаевқа қатысты Қазақстан Журналистер Одағының көзқарасы да белгісіз болып қалды емес пе? Сайып келгенде,  Қазақстан  журналистері жалтақ, қорқақ, бейшара болғаны. Әйтпесе, биліктен пәрмен күтіп, бұқпантайлап жатқаны несі? Неге жаңа төрағасын сайлап, жұмысын жалғастырмайды?

Меніңше, қазақ журналистерінің сорлылығы осы жерде тағы бір көрініп қалды.

Тураби Үшқараев, қоғамдық тілші

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі