//

“Qazaq style” Нгамиссингені есінен тандырды

2746 рет қаралды
1
“Qazaq style” Нгамиссингені есінен тандырды
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Жәнібек Әлімханұлының елімізде өткізген жекпе-жегін дүйім жұрт күтті. IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын елорда төрінде қорғағаны да өз алдына бір жаңалық.

Көп жұрт қарсылас ретінде танымал, ел аузында жүрген азулы боксшыларды күтті. Дегенмен, Анауэль Нгамиссингені әлсіз деп айтуға болмайды. Жоғары деңгейде 14 жекпе-жек өткізген француз былғары қолғап шебері оның 9-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұл да айтарлықтай көрсеткіш.

“Qazaq style” Нгамиссингені есінен тандырды

Бокс кеші алдындағы баспасөз мәслихатында Нгамиссинге:

– Мені көп адам білмегені еш алаңдатпайды. Шеберлігімді шаршы алаңда көрсетемін. Астанаға бір апта бұрын келдік. Дайындығым тамаша. Жеңістен басқа нәтижеге көңілім толмайды, – деген еді.

“Qazaq style” Нгамиссингені есінен тандырды

Алайда алғашқы раундтың соңында есеңгіреп, канвасқа құлап үлгерді. Екінші раундта француз боксшысы жинақылау өнер көрсеткенімен, Qazaq style оның шабуылдарын сәтті қадағалап отырды. Бесінші раундта Нгамиссинге өз бабына келгендей көрінгенімен, Жәнібектің сол қолының жойқын соққысы жекпе-жектің тағдырын шешіп берді.

“Qazaq style” Нгамиссингені есінен тандырды

Осылайша, қазақ боксшысы қос белбеуін сәтті қорғап қалды.

– Елге келіп үлкен шоу сыйлағымыз келді. Баршаңызға рақмет! – деді Жәнібек рингтен кейін.

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

1 Comment

  1. Кеше тапжылмай отырып көрдім. Жәнібекті құттықтаймын. Агау қарсыласы күші қайтқан әлсіз адам ба, шертіп қалса қалпақтай ұшады. Әлде Жәнібек сондай мықты ма? Қалай болғанда да таза жеңді! Жарайсың жігітім, жігіт екенсің!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар