//

Сұлтан Зәуірбек Азинганы жеңді

1444 рет қаралды
Сұлтан Зәуірбек Азинганы жеңді
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Астананы ғана емес, барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта жекпе-жек өткізген қазақстандық Сұлтан Зәуірбек 18 кездесудің 12-сінде қарсыласын сұлатқан Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилемен айқасты.

Қос қарсылас алғашқы раундтарда аңдысып бақты. Жетінші раунд аяқталысымен Сұлтан темпті күшейтті. Сегізінші раундта Азинга Зәуірбектің қарқынына тойтарыс бере алғанымен, тоғызыншы және оныншы раундтарда Сұлтанның біраз соққысы өтті.

Сұлтан Зәуірбек Азинганы жеңді

Жоспарланған барлық раундты еңсерген айқас соңында төрешілер Сұлтан Зәуірбекті жеңімпаз деп таныды.

– Өз еліңде, өз жанкүйерлеріңнің алдында айқасу қиынға соғады екен. Өз салмағымдағы барлық тұжырымдардың чемпионы атағы үшін кез-келген қарсыласпен күш сынасуға әзірмін, – деді Сұлтан.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар