//

Балауса Мұздыман филиппиндік боксшыны айқын басымдықпен жеңді

1922 рет қаралды
Балауса Мұздыман филиппиндік боксшыны айқын басымдықпен жеңді
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

“Барыс Арена” мұз сарайын дүбірге бөлеген бокс кешінің көркін нәзік жанды боксшылар да кіргізді. Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман филиппиндік Мария Тереза Пинилимен ринг бөлісіп, кәсіби бокста жетінші кездесуін өткізді.

Балауса Мұздыман филиппиндік боксшыны айқын басымдықпен жеңді

Балауса Мұздыман осы кезге дейін кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізіп, оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаса, филиппиндік ару Мария Тереза Пинили кәсіпқой бокста жеті кездесу өткізіп, алты рет жеңіс тойын тойлаған.

Балауса шыққанша көп эмоция білдіре қоймаған аренадағы жанкүйер шынашақтай Балауса шыққан кезде дүр сілкінді. Қарындасына жаны ашыған ағайын “Балауса, Балауса” деп қолдаудан бір тынбады.

Жанарынан жалын атқан біздің қыздың мысы басқан болса керек, әйтеуір алғашқы раундтарда филиппиндік боксшы мардымды шабуыл жасай қоймады. Раунд өткен сайын қарқынын күшейткен Балауса бесінші раундта қарсыласын біраз сабады.

Балауса Мұздыман филиппиндік боксшыны айқын басымдықпен жеңді

Балаусаның қарқынына көңілі тойған жақындары оны жігерлендіру үшін “Алға, Батон” деп еркелетіп те отырды.

Қалың қазақ қолдауын сезген Балауса қарсыласын аямады. Әсіресе соңғы раундтар Мария Тереза үшін тіптен қиынға соқты. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңіске Балаусаны лайық деп таныды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар