//

Ең әуелі тілді білуді мәжбүрлейтін заң керек…

899 рет қаралды

Астананың Сарыарқа ауданындағы Қазком банкінің филиалына келген Оғуз Доған менеджерден өзіне қазақша қызмет көрсетуін талап етеді. Алайда, ол мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартады. Оғуз Доған филиалдың жетекшісін шақыруды сұрайды. Алайда, ол да мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмайды. Оғуз Доған бұл оқиғаны видеоға жазып алып, әлеуметтік желіге салып, бұл әрекеттері үшін Қазком банкін сотқа беретіндігін мәлімдейді. Бірақ, біраз уақыттан кейін Қазком басшылығының да, менеджерлердің де Оғуз Доғанға қажетті қызмет көрсете алмағандығы үшін кешірім сұрағандығы мәлім болды.

Оғуз Доған бұған дейін Эйр Астана қызметкерлерінің қазақша қызмет көрсетпегені үшін соттасып, жеңіске жеткен болатын.

Мәселе – қажеттілікте және мәжбүрлікте! Тілді кім үйренеді? Мәжбүрлер үйренеді. Егер, оларды ешкім мәжбүрлемесе, талап етпесе, осылай сүмірейгеніміз сүмірейген. Бірде, Қызылордадағы Nomad-palace қонақүйіне тоқтадық. Қонақ үй иелері біздің қонақтарымыздың жарты күн кешігіп келетіндігіне қарамастан, ақыны тәулігіне аламыз деді. Мен қонақүйдің төлем жасау шарттарымен таныс болмақ ниетте, ақпараттық кітапшасын іздей бастадым. Ондағы ақпарат орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Бұны бір түйіп қойдым.

Екіншіден, теледидарда қазақ арналары көрсетпейді. Сосын төменге түсіп, администратор қыздан бұның себебін сұрасам, ол “Қазақстан қос тілді мемлекет” дейді. “Вот именно, қостілді мемлекет. Сізде ақпарат бір тілде ғана, орыс тілінде ғана ғой. Неге қазақ тілінде ақпарат жоқ. Әлде қазақтілді клиент мұндай қонақүйлерге тоқтай алмайды деп есептейсіздер ме?” деп сұрадым. Қонақ үй администраторынан: “клиентоориентированный бизнес” дегеніміз не? деп едім иығын қиқаң еткізді. Дегенмен, қонақ үй әкімшілігі бұл әрекеттері үшін кешірім сұрап, ақымызды жеңілдетіп, әуежайға дейін тегін жеткізіп салған еді.

Көнбістік, өзінің құқығын қажетті деңгейде талап етпейтін, “маған бәрібір, мен бастысы орысша түсінем” деген пиғыл бүгінгі бизнесті де, билікті де қазақ тілін менсінбейтін дәрежеге жеткізді. Сол үшін, халыққа қызмет ететін жерде жұмыс істейтіндерден мемлекеттік тілді білу талап етілу керек. Ондай заң қабылданбайынша, әркім өз білгенімен, бетімен кете береді.

2020 жылы Қазақстан халқының 95 пайызы қазақша сөйлейді деген меже қойдық. Бұл меже “Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында” жазылған. Бірақ, оған жетудің нақты индикаторлары көрсетілмеген. Бұған қол жеткізудің нақты шараларының бірі ретінде: “Мемлекеттік қызметкерлерден, депутаттардан, дипломаттардан мемлекеттік тілді білу” талап етілсін деп қаншама ұсыныстар айтылды. Елең еткен ешкім жоқ. Баяғы жартас, сол жартас. Заң бойынша талап ете алмасаңыз, одан өнетін нәтиже де жоқ.

Есен Байнұр. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері