///

Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес

1129 рет қаралды
1

Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жарияланды. Бұл заң шетелден атажұртына көшіп келген қандастарымыз үшін де сүйінші жаңалық болды.

Нақтырақ айтқанда, аталған заң­ның жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағай­ын­дау үшін еңбек өтілін есептеуге арналған 13-тармағына жаңадан 18-тармақша қосы­лып, онда «Қа­з­­­ақ­стан Республикасына тари­­хи отанында тұр­ақты тұру мақ­са­тын­да келген этностық қаз­ақ­­­­­тар­дың шығу еліндегі ең­бек қыз­меті» деген бір сөйлем қосыл­ды. Әсі­ресе, Моңғолиядан келген ағайын­­ның бұл өзгерісті ақжарма қуаныш­қа балайтын себебі бар. 1994 жылы 2 желтоқсанда Қазақ­стан мен Моңғолия азаматтарын еңбек шарты бойынша жұмысқа қатыс­тыру туралы екі ел Үкіметі арасын­да келісім жасалған-ды. Алайда 20 жылдық уағда 2014 жылы 31 желтоқсанда жойылады. Сөйтіп, Моңғолиядан келген қандастарымыздың өздері келген еліндегі еңбек өтіл­дері ес­еп­телмей, зейнетке шық­қан­да ең төменгі жәрдемақы та­ға­й­ындалады. Яғни елімізде қол­дан­ыс­тағы заң бойынша зейнетке шығу үшін қызметкер кемінде 33 жыл жұмыс істеген болуы шарт. 2014-2018 жылдар аралы­ғын­­­да ең­бектері есептелмей қал­­­­ған қан­­дас­тары­мызды іздей бас­­­т­а­ғанымызда, олардың ұзын саны 500-ден асатынын білдік. Сон­­ың бірі Моңғолиядан 1992 жылы тарихи отанына оралған эко­номист Азамат Қағибат есімді азамат. Моңғолияда мемлекеттік қызметте 21 жыл жұмыс істеген қандасымыз қазақ жеріне келген соң да өз саласы бойынша тер төгеді. С.Торайғыров атын­дағы Павлодар мемлекеттік уни­вер­си­тетінде 25 жыл ұстаздық еткен ол, 2015 жылы бар-жоғы 13 300 теңгемен зейнетке шығады. «Сол кездегі заң бойынша ер-азаматтар қоғамға кемінде 25 жыл еңбек еткен болуы шарт екен. Ал маған небәрі 5 жыл 8 ай еңбек өтілі ғана саналып, 13 300 теңге зейнетақы тағайындалды. Бұл қартайған адам үшін тым мар­­­дым­сыз қаражат. Алатын бір қорап дәріңе де жетпейді. Зей­не­т­ақың 28 мың теңгеге жетпесе несие де бермейді екен» деп кейі­ген зейнеткер таяуда Елбасы қол қойған заңның үлкен әлеу­мет­тік мәселені шешіп отыр­ға­нын жеткізді. Тағы бір мысал, Моңғолиядан 2007 жылы Қазақстанға біржола қоныс аударған Күшай Тер­лік­бай білім беру саласында 30 жыл тұр­ақты жұмыс істеген. Ас­­­тана қала­­сын­дағы дарынды ба­ла­­­ларға арнал­ған №9 «Зерде» мек­­­те­бінде ұстаз­дық еткен мұ­ға­­лім 2016 жылы небәрі 9 200 теңгемен зейнетке шы­ғып­ты. «Үздік ұстаз» рес­­пуб­ли­калық байқауының жең­ім­­пазы өзіне ешқандай еңбек өті­лі есеп­тел­ме­генін айтады. Еңбек және халықты әлеу­­мет­тік қорғау министрлі­гінің рес­ми жауабына сүйенсек, қабыл­дан­ған заң­намалық түзетулерді іске асы­­ру мақсатында министр бұй­ры­­ғының жобасы әзірленген. Жо­ба осы жылдың ақпан айын­да әді­лет органдарына мем­ле­­кет­тік тір­кеуге жолданбақ. Ең маңыз­ды­­сы жаңа заңға сай ең­бек өтілі есеп­телмей қалған зейнеткерлер бұрын ұсынған құ­жат­тарын толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ең­бек өтілі туралы қосымша құ­жаттарын қосып, қайтадан зей­нетақы мөлшерін өзгерту өті­нішін берген жағдайда сол күннен бастап уәкілетті ор­ган­­ның ше­шімі негі­зінде жүзе­ге асы­рылады. Ал былайғы ағай­ын екі елдегі еңбек өтілдерін есеп­­тетіп, зей­нет­ақысын тол­ық алуға мүм­кіндіктері бар. Көші-қон саласында 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Пав­лодар облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалары үйлестіру басқармасы көші-қон бө­лі­м­інің бас маманы Мұхит Жақ­сы­лықұлы екі ел арасындағы келі­сім бұзылған бес жылдай уақыт­та көштің едәуір кешеуіл­деп қал­ғанын айтады. «Бұл жағдай осы ара­лық­та Моңғолиядан келе­тін қазақ көшінің тоқырауына себеп болды. Өйткені ақсақалына қараған қазақ ауыл басы келмесе тұрақтап та тұра алмайды. Мен мұны осы салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибемнен білемін. Енді келген ағайынның барлығы Елбасына шексіз разы болып жатыр» дейді ол. Өткен жылы қандастарымыз үшін жағымды жаңалықтар мұны­­­­мен толастаған жоқ. Был­тыр шілде айында ғана оң өз­ге­ріс­­­термен толыққан «Ха­лық­тың көші-қоны туралы» Заңға тағы да тың нормалар енбек. Бұл туралы осы істің басы-қасында жүрген Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мә­­дени даму комитетінің мүшесі Кә­рі­­бай Мұсырман толығырақ түсін­діріп берді. «Көші-қон сая­саты жетілдіріле түсуде. 2015 жылы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізіліп, шетелден келген ағайындардың азаматтықты же­ңілдетілген тәртіппен бір жылдың ішінде алуына рұқсат етілген еді. Бірақ бір жылдың ішіне ор­алмандардың көпшілігі құжат­тарын түрлі себептермен дай­ын­­дап үлгер­мегендіктен, бес жылға дейін күтуге мәжбүр бол­ды. Солардың өтінішімен шілде  айында олардың оралман куә­лігінің мерзімі тағы үш айға ұзар­тылды, яғни олар алты айдың ішінде жергілікті ат­қарушы органдарға өтініш берсе болғаны, бес жыл бойы сар­саң­ға түспейді. Мен сол заң жоба­ларына жетекшілік жасадым. Қазір Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі көші-қонға байланысты жаңа заң жобасын дайындап жатыр. Ол Үкіметте қаралып, мамыр айында Парламентке келеді деп күтіп отырмыз. Ағайындар «орал­ман куәлігі» мен Қазақстан азаматтығын алу үшін екі мәрте құжат тапсырып жүр. Әуре-сарсаңды жою үшін жаңа заңда екеуіне бір-ақ рет құжат тапсыру көзделіп отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге де мол мүмкіндік болмақ. Сосын шетелдердегі қандастарымыздың Қазақстанға келіп визасыз және Қазақстан азаматтығын алмай-ақ жұмыс істеуіне, бизнесін ашуға жағдай жасайтын нормалар қарастырылатын болады. Осы нормалар заңға енеді деп министрлік өкілдері қуантып отыр. Мұны біз – депутаттар тек құптаймыз»  дейді халық қалаулысы.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сәлеметсіздерма қытайда 30 жыл еңбек етіп пенсиаға шыққан кісінің еңбек өтілі есептелеме

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар