/

Көші-қон қызметі комитеті: «Босқын» мәртебесіне ие болған қазақтар үш айдың ішінде құжаттарын рәсімдей алады

5425 рет қаралды

www.minber.kz сайты Қазақстанға Қытайдан қысым көрдім деп қашып келіп, Қазақстанда босқын мәртебесін рәсімдеген этникалық қазақтардың бұдан былайғы тағдыры туралы мақала жариялаған еді.

Біз осы мақаланы жариялау барысында “Отандастар» қорына сұрау салған едік. “Отандастар қоры” КЕАҚ Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы бұл сауалға өз құзыреті деңгейінде жауап бере алмайтын болғандықтан, біздің сауалды ҚР ІІМ-нің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасына жолдаған болатын. Оған Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы   Қабденов М.Т. жауап берген екен. Назарларыңызға сол сауал мен жауапты ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Сауал:

-Мен, “Отандастар қоры” КЕАҚ Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы, Қытайдан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп келген азаматтарға сот шешімімен «Босқын» мәртебесін Қытай елінің азаматы ретінде алған ұлты қазақ, этникалық қазақтарға ҚР –да тұрақты тіркеуге тұру, ықтиярхат рәсімдеу, ҚР азаматтығын қабылдау тәртібі және қағидаларын түсіндіріп беруіңізді өтінемін. Біздің орталығымызда, осы мәселе бойынша қандастарға толыққанды, нақты ақпарат беруіміз үшін, мүмкін болса тезірек жауап беруіңізді сұраймын.

Жауап:

-Құрметті Болат Заутұлы! ҚХР-нан келген «Босқын» мәртебесіне ие болған этникалық қазақтарға, шетелдіктің ықтиярхатын және Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау бойынша Сіздің сұрауыңыз қарастырылды және жауап ретінде мынаны хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды.

Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.

Аталған адамдардың құқықтық мәртебесі, осы баптың екінші бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының, 16-1-бабына сәйкес жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына: 1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар; 2) тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары; 3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс. Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 4-бабына сәйкес Қандастар бір уақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдауға құқылы (Жол картасының 1.1.3 т., бойынша бизнес-процесстерді тиімдеуге «қандастар» мемлекеттік қызмет көрсетуін «бір терезе» арқылы 2021 жылы іске асырады).

* Бұл материал Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен әзірленген. Материалдың мазмұны www.minber.kz сайтының жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі