//

Энергетиканы дамытуға Ұлттық қордан   50 млрдқа жуық теңге бөлінеді

898 рет қаралды
фото: DW

  Бұл саланы дамыту жобаларын іске асыру үшін бюджеттен тағы да 16,7 миллиард теңге бөлінеді. 

Энергетика министрлігі таратқан мәлімет бойынша 2021 жылы бірқатар жобаларды іске асыруға мақсатты трансферттер ретінде бюджеттен 16,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл қаражаттың барлығы отын-энергетикалық кешенге және жер қойнауын пайдалануға бағытталады. Министрліктің мәліметі бойынша бірінші тоқсанда  ол қаражаттың 2,4 млрд көлемі жұмсалған.

Негізгі бағыт – «Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін дамытуға газ тасымалдау жүйесін дамытуға бағытталған трансферттер». Ол трансферттерге сәйкес 2021 жылы бюджет қаражатын бөлу төмендегідей жоспарланған.

  • Ақмола облысы – 418,2 млн теңге
  • Ақтөбе облысы – 2,2 млрд
  • Алматы облысы – 2,2 млрд
  • Атырау облысы – 721,5 млн
  • Жамбыл облысы – 2 млрд
  • Карағанды облысы – 1 млрд
  • Қостанай облысы – 200 млн
  • Түркістан облысы – 2,9 млрд

Биыл тағы 5 миллиард теңгені жылу-энергетикалық жүйені дамытуға жұмсау жоспарланған. Бұл сома бір ғана қала – Алматыға жұмсалады.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНЕТІН НАҚТЫ ҚАРЖЫ 49,7 МЛРД ТЕНГЕ

Энергетика саласын дамытуға бюджеттен бөлек Ұлттық қордан да қаражат тбөлінеді. Жалпы сомасы 49,7 млрд теңгені құрайтын қаражат екі бағытқа бөлінеді.Оның басым бөлігі – шамамен 30,9 миллиарды – газ тасымалдау жүйесін дамытуға бағытталады. Бұл қаражатты алатындар тізімі төменде:

  • Акмола облысы – 4,4 млрд тенге
  • Ақтөбе облысы – 692,9 млн
  • Жамбыл облысы – 6,1 млрд
  • Карағанды облысы – 7 млрд
  • Қостанай облысы – 723,8 млн
  • Қызылорда облысы – 2,2 млрд
  • Түркістан облысы – 1,7 млрд
  • Нұр-Сұлтан – 5,6 млрд
  • Шымкент – 2,4 млрд

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ҮШ АЛЫБЫ

Жылу-энергетикалық жүйені дамытуға 18,8 млрд бөлінсе, бұл соманың үштен бірінен көбі Нұр-Сұлтанға беріледі. Ал жалпы инвестиция шамамен 6,8 миллиард доллар.

Одан кейін Қостанай (3,7 млрд) және Маңғыстау облысы (3 млрд). Ал Алматы жоғарыда айтылған бюджеттен бөлінетін 5 млрд теңгеден бөлек Ұлттық қордан 2 млрд теңге алады. Сондай-ақ, осы саланы дамытуға Батыс Қазақстан облысына 1,7 млрд, Шымкентке  1,6 млрд теңге беріледі.

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТАҒЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Жобалар тек даму бағдарламасы шеңберінде ғана емес, ағымдағы бағдарламаларды да қаржыландырады. Қаржыландыру көлемі мұнда аз – 7,55 миллиард теңге. Бұл қаражаттың басым бөлігі ядролық және энергетикалық жобаларды дамытуға бағытталады. Жалпы сомасы 4,4 млрдты құрайтын  қаржы төмендегідей бөлінеді:

  • радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – 3 млрд
  • атом энергетикасы саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер – 1,3 млрд
  • ядролық сынақтардың мониторингі – 65 млн
  • ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – 43,1 млн

Энергетика, атом энергетикасы, мұнай-газ және мұнай-химия салаларындағы қызметті үйлестіру бойынша қызметтер 2,88 миллиард теңгеге бағаланады. Оның көп бөлігі әкімшілік шығындар (2,27 млрд). Қалғаны – уәкілетті органның қызметін (104,2 млн), ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін (453,3 млн) қамтамасыз ету және мемлекеттік меншіктің есебін жүргізу (60,1 млн).

133,2 млн.теңге мұнай-химия саласын дамытуға және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардағы жергілікті қамтуға бағытталады. Бұл қаражатты жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту және оқыту бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауға жұмсау жоспарланған.

Басқа мәселелермен қатар – кадрлардың біліктілігін арттыру (10,7 млн.), Ғылыми / ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру (93,6 млн), сондай-ақ өкілдік шығындар (0,4 млн.).

Дереккөз: https://365info.kz/2021/04/na-razvitie-energetiki-iz-natsfonda-vydelyayut-poryadka-50-mlrd-tenge

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері