///

Көңілдегі бағаны базардағы нарық бұзады немесе азық-түлік бағасы тұрақтана ма?

4698 рет қаралды
1

Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу туралы үнемі айтылып келеді. Алайда, бұл өнімдер бағасының шарықтауы тоқтамай тұр.  Алматы қаласындағы бірнеше базарды аралап  сатушылардан қымбатшылықтың  себебін сұрастырып көрдік.

Алғаш сөйлескен жеке кәсіпкер Жанар ханым:

– Тауар өзі қымбат келеді ғой. Долларға байланысты шығар? Аренда бағасы келісімге отырған кездегіден өзгермеді. Салыққа үш жылға мораторий жарияланды ғой, қазір төлеп жүрген жоқпын. Нан өнімдері әсіресе кепкен жемістер қымбат келеді. Тауар бағасы тұрақты дей алмаймын, үнемі өзгеріп отырады.

Міне бүгін «Маслозавод» майының 5 литрі 3700 теңгеден келді. Жұмыртқа сәл арзандапты 550 тг еді 530 тг ден келді.

Абдулхамит, тұтынушы:

–  Бензин бағасын қараңыз енді… Әй, бірақ үйреніп кеткенбіз, қымбатшылыққа қарап жатқан ешкім жоқ. Қымбат деп алмай қоймаймыз ғой, амал жоқ аламыз. Бәлкім арзан жерлер бар шығар, оны іздеп жүретін уақыт қайда?

Қымбатшылық жайлы сұрап жүргенімді байқаған Базаргүл апа бірден әңгімеге араласып кетті:

– Әсіресе былтырдан бері яғни пандемия басталғалы қиын болып кетті ғой… Екінің бірі жұмыссыз. Жұмысы барлардың алатын ақшасы мардымсыз. Тамақ өте қымбат, ал киім алуды ұмыттық. Тапқанымыз тамаққа кетеді, арасында дәрі-дәрмегімізді аламыз, кейде оған да жетпей қалады. Халықтың жағдайын ойлайтын ешкім жоқ.

–  Мен былтыр босанғалы үйден шықпадым. Керегімнің бәрін жолдасым өзі әкеледі.Өткенде ұн бітіп, дүкенге жүгіріп бара салғам 3 кг ұн 1000 тг дегенде аузым ашылып қалды. Баға қалай  көтеріліп кеткен?, –  дейді көп бала ана Әсем.

Бағаны тұрақтандыру шарасы көмектесе ме?..

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің 18 ақпанындағы мәліметі бойынша қала әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру жиналысында баға тұрақтылығы туралы айтқан екен. Сол жиында әкім, Алматыда тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік түрлерінің (қарақұмық жармасы, кеспе түрлері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданғанын халыққа жеткізіп,

–  Өткен жылы біз бюджеттен 7 млрд тг бөліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын құрдық. Алматыда сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесінің 18-19 түрінің құны сараланды. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді», – деп айтқан екен. Ал жұмыртқа бағасы жайлы қойылған сұраққа, Алматыда ғана емес жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткенін айтыпты. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағалардың маусымдық өсуі, өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдар қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген. Бұлардан өзге, Алматыда қаланың алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендердің ашылғанын атап өту маңызды. Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен.

Әлеуметтік дүкен ашылған базарлардың мекенжайы:

— Көкбазар, Жібек Жолы 53;

— Тастақ, Төлеби, 266;

— Алматы-1, Шолохов көшесі 2ү/1;

— Таусамалы, Таусамалы — 1;

— Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1;

— Сарыарқа, 4 ықш., 27 б;

Бағалардың өзгеруін қаланың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі almatyazyk.kz веб-сайтынан бақылауға болады.

2021 жылдың 16 ақпанынан 2021 жылдың 2 наурыз аралығына белгіленген бағалар:

  1. Картоп — 150 тг/кг;
  2. Сәбіз — 145 тг/кг;
  3. Пияз — 85 тг/кг;
  4. Қырыққабат — 75 тг/кг;
  5. Қант — 249 тг/кг;
  6. Қарақұмық жармасы — 349 тг/кг;

7, Күнбағыс майы (№1 Майзауыты) — 655 тг/л; Күнбағыс майы (Майское) — 573 тг/л;

  1. Күріш жармасы (Лидер, Камолино) — 275 тг/кг;
  2. Өлшемді кеспе түрлері — 199 тг/кг;
  3. I сұрыпты бидай ұны (Ақсарай 2 кг) — 409 тг/кг.

Жергілікті әкімшіліктер тұрақтандыру қорларын құрып, бағаны ауыздықтауға қанша әрекет етсе де, базардағы нарық оған көндігер емес. Баға  тұрақтылығы бойынша әлі де көп жұмыс атқарылуы тиіс деп ойлаймыз.

 

Әлия ӘБІЛСЕЙІТҚЫЗЫ

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. […] «Үйдегі бағаны базардағы нарық бұзады» дегендей, қазір қара базардағы өнімнің нарыққа шыққан бастапқы бағасы мен саудадағы бағасы салыстыруға келмейді. Жалғыз азық-түлік емес, үй, көлік саудасында да делдалсыз шаруа шешілмейтін болған. Мысалы, кәсіпкер өз өнімін, үй мен көлік иесі сол мүлкін тұтынушыға тез өткізуі үшін делдалдың көмегіне жүгінуге мәжбүр. «Тілімен жағына сүйеніп», екі ортада ауадан ақша жасауға машықтанған делдал болса, бірінші тараптан оң қолмен 5 теңгеге қабылдаған дүниесін екінші тарапқа сол қолмен 15 теңгеге ұстатады. Демек, еңбек қарапайым шаруанікі болғанмен, қызығын делдал көріп келеді. […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар