///

Жерді жекеменшікке беру мәселесі тағы бес жылға ұзарды

1522 рет қаралды

Бүгін Ш. Уәлиханов алаңында Алматыдан, Астанадан жиналған “Ел мен Жер” қозғалысы, заңды тіркелмеген Қазақстанның Демократиялық партиясы, “Желтоқсан” қозғалысының белсенділері “Қазақстанның жерін сатпаңдар”,”Орманды қазақ та өсіре алады”,” Ешқандай жер ешкімге сатылмасын, жалға да берілмесін” т.б. деген ұранмен жан айқайын білдіріп, митингке шықты.

Митинг барысында СОБР әрекетінен жарақат алған Демократиялық партияның белсендісі Аружан Дүйсебаеваға жедел жәрдем қызметі көрсетілмей, Жедел жәрдем көлігінде 1 сағаттан астам ауыр халде жатты.


Осы кезде, Министрлікте жер комиссиясының соңғы отырысы өтіп жатыр еді:
«Ауыл шаруашылығы жерлерінің электронды форматта көпшілікке ашық түрде беру тетігін енгізу қажет. Оны өткен сенбіде бірге талқыладық. Аз дегенде 2023 жылға дейін уақыт керек. Оны да қарастыру керек. Сондықтан барша азамат жер иелікке немесе пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетіндігіне көз жеткізу қажет. Өткен аптада осы жерде керемет, тарихи шешім қабылданды деп ойлаймын. Жерді жалға 49 жылға беруге байланысты шешім қабылданды. Оның өзі жердің қазіргі экономикалық айналымға енуіне толықтай мүмкіндік туғызып жатыр. Меншікке байланысты «болады не болмайды» деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Оның атап өтуінше, жерді меншікке беруге қатысты шешімді болашаққа қалдырудың бір-ақ жолы бар.
«Ауыл халқы болашақта осы мәселеге қатысты тікелей шешім қабылдауы керек шығар. Парламентте біраз мәселе көтерілетіндігі айтылды. Соның бәрін болашақта ескере отырып, осы іске аз дегенде 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт керек деген ойда отырмын. Асығыстық жасауға болмайды. Олай болса, жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамыз. Бір ғана шешім болуы керек қой деп ойлаймын. Қазір бірнеше шешім қабылдауға, елді жан-жаққа тартуға еш қақымыз
жоқ. Осы жердегі әрбір азамат жауапкершілікті мойнына алып отыр деп ойлаймын. Сондықтан, комиссия мүшелері осындай ортақ пікірге тоқталсақ деген ұсынысты ортаға саламын», – деді Ералы Тоғжанов.
Комиссия мүшелері жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды қолдап дауыс берді.

Назерке Сексенбайқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі