////

Отбасындағы зорлық-зомбылық қайтсе тыйылады?

4570 рет қаралды
көрнекі сурет
19 сәуір күні Орал қаласында 30 жасар әйел адам күйеуінің қолынан өлім құшты. Әйел 18 рет пышақталған.  Артында 6 және 8 жасар балалары жетім қалды. Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына қарамастан, күйеуі әйеліне зорлық көрсетуді жалғастыра беріпті.
Облыстың ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылықты жою үшін қабылданып жатқан шараларға қарамастан, соңғы 3 жылда, яғни 2018 жылдан бері өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыс динамикасы өсіп отырғаны байқалады.
 
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда осы саладағы қылмыстың ең көп артқан кезеңі 2018 және 2020 жылға келіп отыр екен. Биылғы жылы отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты қылмыстың көпшілігі облыс орталығы, Орал қаласында болыпты, бұл пайызға шаққанда жалпы санның 56% , яғни 39 қылмыстың 22-сі Оралда болған. Аудандарға келсек ең көп жағдай Бөрлі ауданында тіркелген. Осы ретте 2020 жылы сәуір айында Тасқала ауданының Ақтау ауылында күйеуі әйелін екі қызымен өртеп жіберген адам төзгісіз жағдайды да атап өту керек. Өңірдегі қала және аудандар бөлінісіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстың сандары төмендегіні баяндайды.
 
2018 жылда орын алған 23 зорлық-зомбылық жағдайының 13-і әйелдерге қатысты болған. Оның ішінде 2 жағдай өліммен аяқталса, 4 жағдайда әйелдің денсаулығына ауыр зақым келтірілген, 6 жағдайда ауырлығы орташа деңгейдегі зақым келтіріліп, 1 жағдайда зорлық-зомбылық құрбанын өліммен және денсаулығына ауыр зақым келтірумен қорқытқан. 2019 жылы отбасы-тұрмыстық қатынас саласында болған 27 деректің 18-і әйелдерге қатысты жасалған қылмыс. Олардың 4 жағдайында әйелдің денсаулығына ауыр зақым келген, 9 әйел ауырлығы орташа деңгейдегі зақым алған және 5 әйелді өліммен және денсаулығына ауыр зақым келтірумен қорқытқан. 2020 жылға келетін болсақ, 39 тұрмыстық қылмыстың 25-де әйелдер құрбан болған. Оның 3-де әйел адам өмірімен қоштасып, 9 жағдайда денсаулығына ауыр зақым келтірілген (оның ішіндегі 5 жағдай әйелдің көз жұмуына әкелген), 8 деректе әйел ауырлығы орташа деңгейдегі зақым алған, 4 жағдайда құрбандарды өліммен және денсаулығына ауыр зақым келтірумен қорқытқан және 1 жағдай әйелді кепілге алу дерегі бойынша тіркелген. Соңғы көрсетілген дерек жайында айта кетсек, бұл – 2019 жылдың қараша айында Орал қаласында  Е.Исламгалиевтің өзінің әйелін жұмыс орнында (нотариалдық кеңседе) кепілге алу жағдайы еді. (2020 жылы сот үкімі бойынша қылмыскер 13 жылға бас бостандығынан айрылған). 2021 жылы осы салада 6 қылмыс тіркелсе, оның 4-і әйелдерге қатысты жасалған. 3 жағдайда құрбан ауырлығы орташа деңгейдегі зақым алған, 1 жағдайда қажетті қорғаныс шегін асыру кезінде әйелдің денсаулығына ауыр зақым келтірілген.  
Барлық жылдар бойынша сандарды қорыта келе, отбасы-тұрмыстық зорлық зомбылық саласында жасалатын қылмыстың 2018 жылы 56%, 2019 жылы 66%, 2020 жылы 64%, 2021 жылы 66% әйелдерге қатысты жасалғанын көріп отырмыз. Өкінішке орай, отбасындағы зорлық-зомбылық жылдан жылға көбеюде. Оның үстіне былтырдан бері бұл мәселенің ушығуына пандемияға байланысты енгізілген карантин шаралары мен оның күшейтілуі де айтарлықтай әсер етіп отыр. Пандемия әр отбасының жұмысқа қабілеттілігіне, табыс деңгейіне және өмір салтына айқын өзгерістер әкелді. Жұмыссыздық деңгейі өсті. Бос уақыты көбейген, қалыптасқан жағдайда дағдарысқа тірелген еркектердің кейбірі тығырықтан шығар жол іздеудің орнына «асүй батырына» айналды. Оған ішімдік немесе есірткі пайдаланудың тигізген теріс ықпалы да мол. Аталған мәселеге қатысты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ІІД жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аға инспектор, арнайы бөлімшенің басшысы Саттарова Диляраның айтуынша,  жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жөнінде 1257 тұрғынның жүгінуі қаралған, барлық жүгінулер бойынша процесстік шешімдер қабылданған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты ішкі істер органдары қызметкерлері жүргізген шаралар аясында:
  • 384 құқық бұзушы ӘҚБтК 73 бабына сәйкес (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапқа тартылса (2020ж. -355, +8,2%);
  • 2401 құқық бұзушы ӘҚБтК 440 бабына сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылған (2020 ж. -2778, -13,3%);
  • 843 азаматқа қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаумен қорқытқаны үшін қорғау нұсқамалары шығарылып (2020ж. -746, +13%);
  • 136 қатысты ерекше талаптар (2020ж. -124, +9,4%) белгіленген, құқық бұзушылардың мінез-құлқы мен өмір салтын бақылау, оның құқық бұзушылықтарды қайталауының алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы соттарға өтініштер берілген.Сонымен қатар, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін Дағдарыс орталықтарына 96 тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленуші жеткізілген, олардың ішінде 41 жәбірленуші уақытша тұру үшін орналастырылған (13 әйел адам, 1 ер адам және 27 бала).
Өз үйінде зорлық-зомбылық көрген әйелдер балаларымен үйлерінен кеткен кезде карантин жағдайында барар жер, басар тау таба алмай қалған күндер де болған. Шектеу шаралары дағдарыс орталықтарының қызметіне де әсер етті. Осыған қарамастан, былтырғы жылы дағдарыс орталықтарының мамандары, заңгерлер мен психологтар онлайн және телефон арқылы зорлық құрбандарына көмек көрсетуді тоқтатқан жоқ. Тағы бір өкініштісі, орталықтардағы орын санының аздығы. Осы ретте, облыс бойынша әрекет ететін 2 дағдарыс орталығы бар екені туралы айта кеткен жөн. Біреуі Орал қаласында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, екіншісі Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан үкіметтік емес ұйымның зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы. Бұл орталықтарға отбасында зорлық-зомбылық көрген азаматтардың барлығы хабарласып, кеңес ала алады. Орталықтардағы заңгерлер мен психолог мамандар жәбірленушілерге кәсіби көмек көрсетеді. Осыдан бөлек, «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» Қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаева биылғы жылдың наурыз – қараша айларының аралығында қордың еліміздің 17 өңірінде «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру» атты жаңа жобаны жүзеге асыратыны туралы хабарлады. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру. Жоба аясында наурыз айынан бері республикалық жобалық кеңсе мамандары еліміздің қай аймағында болсаңызда онлайн кеңес көрсетуге дайын. (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық демеуімен). Жобаның басталуына байланысты 8 сәуір күні өткізілген баспасөз конференциясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі ҚР құқық қорғау органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы ұсынған ақпаратына сәйкес 2020 жылдың 12 айына Республика бойынша әйелдерге жасалған қылмыс саны 63 447, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған қылмыс саны – 1814, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны – 44195, соның ішінде көшеде жасалған қылмыс саны – 21874, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалғаны – 1073. Барлық жылдар бойынша сандарды қорыта келе, отбасы-тұрмыстық зорлық зомбылық саласында жасалатын қылмыстың 2018 жылы 56%, 2019 жылы 66%, 2020 жылы 64%, 2021 жылы 66% әйелдерге қатысты жасалғанын көріп отырмыз. Өкінішке орай, отбасындағы зорлық-зомбылық жылдан жылға көбеюде. Оның үстіне былтырдан бері бұл мәселенің ушығуына пандемияға байланысты енгізілген карантин шаралары мен оның күшейтілуі де айтарлықтай әсер етіп отыр. Пандемия әр отбасының жұмысқа қабілеттілігіне, табыс деңгейіне және өмір салтына айқын өзгерістер әкелді. Жұмыссыздық деңгейі өсті. Бос уақыты көбейген, қалыптасқан жағдайда дағдарысқа тірелген еркектердің кейбірі тығырықтан шығар жол іздеудің орнына «асүй батырына» айналды. Оған ішімдік немесе есірткі пайдаланудың тигізген теріс ықпалы да мол. Аталған мәселеге қатысты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ІІД жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аға инспектор, арнайы бөлімшенің басшысы Саттарова Диляраның айтуынша,  жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жөнінде 1257 тұрғынның жүгінуі қаралған, барлық жүгінулер бойынша процесстік шешімдер қабылданған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты ішкі істер органдары қызметкерлері жүргізген шаралар аясында:
  • 384 құқық бұзушы ӘҚБтК 73 бабына сәйкес (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапқа тартылса (2020ж. -355, +8,2%);
  • 2401 құқық бұзушы ӘҚБтК 440 бабына сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылған (2020 ж. -2778, -13,3%);
  • 843 азаматқа қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаумен қорқытқаны үшін қорғау нұсқамалары шығарылып (2020ж. -746, +13%);
  • 136 қатысты ерекше талаптар (2020ж. -124, +9,4%) белгіленген, құқық бұзушылардың мінез-құлқы мен өмір салтын бақылау, оның құқық бұзушылықтарды қайталауының алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы соттарға өтініштер берілген.Сонымен қатар, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін Дағдарыс орталықтарына 96 тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленуші жеткізілген, олардың ішінде 41 жәбірленуші уақытша тұру үшін орналастырылған (13 әйел адам, 1 ер адам және 27 бала).
Өз үйінде зорлық-зомбылық көрген әйелдер балаларымен үйлерінен кеткен кезде карантин жағдайында барар жер, басар тау таба алмай қалған күндер де болған. Шектеу шаралары дағдарыс орталықтарының қызметіне де әсер етті. Осыған қарамастан, былтырғы жылы дағдарыс орталықтарының мамандары, заңгерлер мен психологтар онлайн және телефон арқылы зорлық құрбандарына көмек көрсетуді тоқтатқан жоқ. Тағы бір өкініштісі, орталықтардағы орын санының аздығы. Осы ретте, облыс бойынша әрекет ететін 2 дағдарыс орталығы бар екені туралы айта кеткен жөн. Біреуі Орал қаласында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, екіншісі Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан үкіметтік емес ұйымның зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы. Бұл орталықтарға отбасында зорлық-зомбылық көрген азаматтардың барлығы хабарласып, кеңес ала алады. Орталықтардағы заңгерлер мен психолог мамандар жәбірленушілерге кәсіби көмек көрсетеді. Осыдан бөлек, «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» Қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаева биылғы жылдың наурыз – қараша айларының аралығында қордың еліміздің 17 өңірінде «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру» атты жаңа жобаны жүзеге асыратыны туралы хабарлады. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру. Жоба аясында наурыз айынан бері республикалық жобалық кеңсе мамандары еліміздің қай аймағында болсаңызда онлайн кеңес көрсетуге дайын. (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық демеуімен). Жобаның басталуына байланысты 8 сәуір күні өткізілген баспасөз конференциясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі ҚР құқық қорғау органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы ұсынған ақпаратына сәйкес 2020 жылдың 12 айына Республика бойынша әйелдерге жасалған қылмыс саны 63 447, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған қылмыс саны – 1814, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны – 44195, соның ішінде көшеде жасалған қылмыс саны – 21874, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалғаны – 1073. Ал, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек соңғы 12 ай ішінде серіктесі тарапынан қандай да бір кезде зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сұралған респонденттер санының барлығы – 14340 болса, олардың 9046 қаладан, 5294 ауылдық жерден қатысқан. Респонденттер серіктесі тарапынан қандай да бір кезде зорлық-зомбылықтың келесі түрлеріне ұшырағаны туралы атап өтіпті.
Көрсетілген мәліметтердің негізінде зорлық-зомбылықты ұрып-соғу не қорқыту деп түсінбеу керек, қүні бүгін бұл түсініктің аясы барған сайын кеңейіп, саны күн өткен сайын артып отыр. Ең көп көрсетілетін психологиялық, күш көрсету немесе сексуалдық зорлық түрінің бірге көрсетілуі екен. Қазіргі таңда полицияның әрбір аудандағы бөлімінде 1 бірлік, облыс орталығында 2 штаттық бірлік әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлар бөлінген. Барлығы 15 бірлік. Олардың 1 бірлігі Полиция департаментінің аға инспекторы, 2 бірлік Орал қаласы бойынша полиция бөлімінде, әр аудан бойынша 1 бірліктен Аудандық полиция бөлімдерінде. Әрбір адам үшін отбасы – отаны. Отбасы – жылылық, мейірім, сүйіспеншілік және қауіпсіздік деген сөздердің теңеуі. Осыған дейін көрсетілген сандар мен мәліметтерге қарап отырып, әйелдер үшін отбасы отан ғана емес, сонымен бірге қауіптің көзі екеніне куә болып отырмыз. Аналар мен балалардың қорғалуы, дер кезінде қажетті көмекке қол жеткізе алуы тек билік, мемлекеттік органдар немесе үкіметтік ұйымдар мен белсенді азаматтардың ісі ғана болып қалмауы керек. Ана мен бала отбасында қамсыз, қауіпсіз тіршілік етуі үшін, зорлық-зомбылықтың бетін қайтару үшін қоғам болып отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Анықтама үшін:  Орал қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы: Орал қаласы, Абай даңғылы, 31/1 Байланыс нөмірлері: 7 711 2 500 417; 7 711 2 515 494; 7 711 2 285 600; 8 747 918 94 45; 8 702 835 99 39; Әлеуметтік желідегі парақшасы @kriz_center_oral Ақсай қ. зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы: «Жас Дарын» ҚҚ ҮЕҰ БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қ. Байланыс нөмірлері: 8 705 390 05 62; 8 771 132 92 77; 8 777 114 43 30; 8 705 278 70 17; Әлеуметтік желідегі парақшасы @kriz_center_oral @zhas_daryn_aksay Республикалық жобалық кеңсе Жоба координаторы – Татьяна Резвушкина – 8 701 484 33 63, Кеңсе-менеджері – Арайлым Нугуманова – 8 707 102 55 01. Альфия Шамай, Орал қаласы Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады. Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар