////

Жетісу өңірі қайта қызыл аймаққа кірді

5802 рет қаралды
Фото:aa.com.tr

Жетісу жері күні кеше ғана қайта «қызыл» аймаққа кірді. Оған себеп індеттің ушығуы. Өткен тәуліктің өзінде Алматы облысы бойынша 126 адамнан коронавирус анықталды. 24 сағат үшін бұл ауыр көрсеткіш. Облысты ойсыратып тұрған мәселенің жай жапсарын білу үшін Мінбер сайтының тілшісі Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне хабарласты.

«19 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 29 387 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 18 772.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1374,9 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3%-дан (05.07-11.07), 0,5% – ға дейін (12.07-18.07) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,9%, Балқаш – 0,6%, Іле – 1,0%, Қарасай – 0,8%, Қаратал – 0,8%, Райымбек – 0,9% және Талғар-0,6% аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 126 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,4%, оның ішінде 102 симптомдық (81,0%) және 24 симптомсыз (19,0%) жағдай.

КВИ анықталған 126 жағдайының 23-і 14 жасқа дейінгі балалар (18,3%) және оқушылар арасында 12 жағдай.

Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу – 2, Алакөл-3, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді – 6, Жамбыл-7, Іле-28, Қарасай-7, Қаратал – 8, Кербұлақ – 1, Көксу – 2, Панфилов – 5, Сарқан–25, Талғар – 17, Талдықорған – 23, Текелі-1.

19 шілдедегі жағдай бойынша 27 224 адам сауығып, бір тәулік ішінде стационардан 10 пациент шығарылды, 30 адам үй оқшаулауынан шығарылды.» дейді Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз хатшысы Алия Шагиахмет.

«Мен вакцина алдым. Ешқандай әлсіздік  болған жоқ. Қазір вакцинадан бас тартып жүргендерге таңым бар. Вакцинаның арқасында біз осы күнге дейін ауыр сырқаттардың алдын алдық. Мысалы: оспа, коклюш, корь, паротит, дифтерия т.б. Егер біз осы  инфекциялармен ауырсақ, олар бізде жеңіл түрде өтеді. Менің ойымша  егер бәріміз 100 % вакцина алсақ, карантинге дейінгі алаңсыз күндерімізге ораламыз.» дейді  дәрігер-онколог-гематолог Омарова Гулнара Ербосыновна.

«Жыл басынан вакцинаның І компонентінен 540 645 дозасы келіп түсті, оның 499 686 дозасы қолданылып, қазіргі уақытта облыста 40 959 доза вакцина қалды.

Бірінші компонент 499 686 адамға егілді, екіншісі – 273 681 адамға егілді. Вакцина алғандардың арасында – теміржол саласының қызметкерлері – 2520, тамақ өнеркәсібінің жұмыскерлері – 1666, өнеркәсіптік құрылымдардың жұмыскерлері – 1735, сауда кәсіпорындарының қызметкерлері – 2914 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 379 615 адам вакцина алып үлгерді.» дейді Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз хатшысы Алия Шагиахмет.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі