26 тамызда, сағат 19.10-да Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды. Өрт соңы белгісіз заттардың жарылуына ұласты.
250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды.
Екі рет үлкен жарылыс болып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бір қызметкері жараланған деген ақпарат бар. Дабыл белгісі бойынша облыстың полиция департаментінің жеке құрамы(300 адам) және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы (520 адам) қызметке кірісті.
Оқиға орнына 30 жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.
Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылды.
Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда.
Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды.
Байзақ ауданында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Тараз қаласының N1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті деген де ақпарат бар.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесінде өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны айтылған.
«Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған арнайы комиссия жіберді
Кешкі сағат 19.00 де әлеуметтік желі арқылы жақын маңдағы ауылдарда тұратын тұрғындардың жарылысты түсірген видеолары жарияланды. Онда адамдардың жарылыстан шошығаны байқалады, кей видеоларда «қашыңдар» деп мәлімдегені дауыстар естіледі.