///

Медианың негізгі машықтары мектебіне қатысушылар анықталды

963 рет қаралды

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Internews Kazakhstan қолдауымен «Журналистиканың базалық машықтары» мектебін өткізу туралы хабарлаған еді.

Бүгін бұл мектепке қатысушылар анықталды. Жобаға қатысуға барлығы 100 адам өтініш берді. Солардың 70-ін іріктеп алдық. 30 адам қазақ тобына, 40 адам орыс тобына қабылданды.

Шара қазақ-орыс тілдерінде өтеді. Тренингке журналистиканы енді бастап жүрген жас журналистер, студенттер, басқа саладан журналистикаға қызығып жүрген мамандар, азаматтық журналистер қатыса алады. Әуелі таңдаулы медиа мамандар қатысушыларға медианың алғашқы мағлұматтары мен базалық білімі жөнінде бір апта бойы тренинг өткізеді. Сонымен қатар, медианың әлем таныған жұлдыздарының шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.  Медиа мамандардың шеберлік сыныптары “Мінбердің” фейсбук парақшасында тікелей эфирде өтетін болады.

Тренинг 2021 жылдың 6-11 қыркүйегі күндері өтеді. Ал қазан айында тәжірибелі менторлар тренингтен алған теориялық білімді практикада жүзеге асыруға бір ай бойы көмектеседі.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі