//

Ешбір қылмысқа қатысы жоқ 1083 адам босатылды – Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов

1155 рет қаралды

Алаңдағы бейбіт шеруге қатысып, ұсталған, бірақ ешқандай айыбы жоқ 1083 адам босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.

«Президенттің ауырлататын мән-жай болмағанда жазаны жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес біраз жұмыс атқарылды. Жалпы сотта Қаңтар оқиғасына қатысты 9213 әкімшілік іс қаралды. Сот шешіміне сәйкес мән-жайдың жеңілдігін ескере отырып 4561 тұлғаға ескерту жасалды, прокурорлардың өтініш-хатының негізінде 1083 адам қамаудан босатылып, 490 айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамауға алынып, 1245 тұлғаға айыппұл салынды», – деді Елдос Қилымжанов.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар