///

Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясы неге Өзбекстанға тәуелді?

1343 рет қаралды
фото: inbusiness.kz

Бүгін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жарық сөніп, Алматы көшелерінде бағдаршам өшіп, жол қозғалысында қиындық туды. Алматы әкімдігінің дерегінше аурухана секілді әлеуметтік нысандарда жарық сөнбеген.  

Белгілі болғанындай, тек Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған қаласында ғана емес, Орта Азиядағы көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстаннң бірқатар қалаларында да жарық өшкен. Ташкентте тіпті метро тоқтап, әуежай жұмыс істемей қалды.

Сонымен, Орта Азиядағы үш мемлекеттегі бұл жағдайға не себеп болды?

Басты себеп сол –  Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері Орталық Азияның бірыңғай энергия орталығына біріктірілген.  Сондықтан да Өзбекстан тарапы желідегі апат Қазақстанда болды деп, елімізді кінәлап отыр.

Ал, РИА Новости, ақпарат агенттігінің дерегінше Орта Азияда Біртұтас энергия жүйесін құру туралы жоба сонау КСРО кезінде қабылданған. Бір қызығы Одақ ыдырағаннан кейін де электр энергиясы саласындағы интеграция үзілген жоқ, яғни жоба жалғаса берді. Ал, Орталық Азияның бірыңғай энергия орталығы Ташкенттегі үйлестіру-диспетчерлік орталық арқылы басқарылады. Осыдан келіп, Қазақстанның оңтүсті өңірлері белгілі бір деңгейде электр энергиясын алуда Ташкентке тәуелді болып отыр.

РИА Новости ақпаратына сенсек, орталықтан басқару арқылы Орта Азия елдері маусымдық суару кезіндегі электр энергиясына сұраныс пен суға қажеттілік артқан кездегі ауытқуды реттеп отыратын көрінеді.  Жазда Тәжікстан мен Қырғызстан көршілеріне артық көлемде өндірілетін электр энергиясын беріп отырады.  Ал қыс мезгілінде Тәжікстан мен Қырғызстан керісінше су қоймаларында су жинап, көрші республикалардан электр энергиясын алды. 2003 жылы Орта Азияда Біртұтас энергия жүйесінен Түркіменстан шығып кеткен. Ал, 2009 жылы Өзбекстанмен қақтығысқа байланысты бұл жүйеден  Тәжікстан да шыққан екен.

Айтпақшы, жақында Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, Еуразиялық эконо­микалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Осы заң арқылы Ар­менияның, Беларусьтың, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын құруға жол ашылмақ.

Яғни, еліміздің электр энергия саласын көршілермен интеграциялау жалғаса бермек.

Қазір, өшкен жарықты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі