///

Азық-түлік бағасына тоқтау бар ма?

1227 рет қаралды
1

Наурыз айында Қазақстандағы азық-түлік құны 36%-47%-ға дейін өсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеген.

Ал сауда министрлігінің өкілдері  азық-түлік бағасының геосаяси ахуалға байланысты күрт көтерілгенін мойындап отыр. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті іс-шаралар жасалып жатқан көрінеді. Әр өңірде мониторингтік топтар жұмыс істейді. Қазір тұрақтандыру қорларына біршама қаржы бөлінуде. Десе де, бұл бағаны ауыздықтауға көмектесер емес.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді. “Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы сауда нүктелерінде қанттың бағасы қанша?” Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген министрге осындай сұрақ қойылды.«Біз қант бағасын ақпарат жинау арқылы ғана бақылап, айналысып отырған жоқпыз. Өз басым жексенбі күні бірнеше сауда нысанына бардым. Әрине, баға құбылып тұр. Оны мен де растаймын. Қант бағасы негізінен сұраныс әсерінен көтеріліп кетті. Қазір жергілікті атқарушы органдарға ескерту беріліп, бағаның ақылға қонымды болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, ол қанттың келісі 900 теңгеден сатылып жатыр деген ақпаратпен келіспейтінін айтты.«Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр. Импорттық қант деп жеке сатып жатқандар бар. Мен 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Бұл,тек басқа қымбаттаған азық-түлік бағасын айтпағанның өзін де, қанттың жыры.

Елорда базарларын аралаған Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров: «Мұндай бағамен халық қалай күнелтеді?-деп түңіліп қайтыпты. «Күнбағыс майы әрбір жанұяда ең көп қолданылатын тағам түрі. Бүгінде бұл тауардың бағасы 870 тен 920 тенгеге дейін көтерілген. Сатушылардың айтуынша, оның бағасы соңғы жылы 20-пайызға өскен. Дәл солай қант, тұз, қарақұмық, күрішке дейін бағаның күрт өсуі байқалады. Мұндай бағамен «халық қалай күнелтеді» деген сұрақ туады. Министрлер, әкімдер неге осылай жүрмейді, бұл қиын емес қой. Бағаны қолмен сезіну, көзбен көру өте маңызды!»-деп жазды фейсбук парақшасына депутат. «Рас,көптеген тауарлар бізге көрші Ресеймен, Беларуссиядан келеді. Олай болса, өзіміздің отандық өндірушілерді қолдауымыз қажет. Оларға преференция жасау арқылы, халық басым тұтынатын тауарлардың бағасын Үкімет қадағалап, бақылап, реттеп отыруы керек. Ең негізгісі, делдалдардың, арадағы алып-сатарлардың тізбегін қысқартып, осы тауарларды сақтайтын қоймалардың жалдау бағасын төмендетіп, стратегиялық запас жасау қажет. Бұл түсінікті нәрсе емес пе? Біз баға мониторингісін жалғастырып, азық-түлік тауарларының бағасының динамикасын зерттей отырып, Үкіметке мәселе қоятын боламыз!» –деп мәлімдеді Ерлан Саиров «Қазақ үні» газетіне.

Жоғарыда айтқан қоғам қайраткерінің де, халық қалаулысының да сөздерінің жаны бар.

Иә, ауқаттырақ саналатын қаладан гөрі, алыстағы ауыл тұрғындары тұратын Тасашы ауылындағы бағаны білмекке ұядай ғана шағын дүкенге бас сұқтым. Күнделікті тұтынатын сұранысы көп: ұн, қант, сары май, күріш, қара құмық және т.б заттарға баға мөлшері қосылған. Оның ішінде азық-түлікті тасымалдау құны да артқан.

Дүкен қожайыны Сәрсеев Аятбек азық-түлік бағасының қымбаттығының себебін былай түсіндірді:

– Өзімізден кеткен шығындарды, тауарды жеткізу құнын толтыру үшін қосымша баға қосамыз.

Тапқан табыстары күнкөрісіне жете бермегендіктен ауыл тұрғындары осы дүкеннен қарызға азық-түлік алуға мәжбүр. Сатушының қойын дәптеріндегі борышкерлер тізімі баршылық екен.

Өзім бас сұққан дүкен сөресіндегі азық-түліктердің бағасы төмендегідей болды: 1литр сүттің бағасы 500 тг, шай бағасы (чемпион) 1050 тг, бір қап ұн  (50 кг) 11 000 тг,  жұмыртқа бір данасы 70 тг, конфет 1 кг 1350 тг, күріш 1 кг 850 тг, қант 1 кг 650 тг,  сиыр еті 1 кг 2300 тг, макарон 1 кг 850 тг, сұйық май 1 л 1000 тг, айран 1 л 800 тг.

Әліпбаева Қарашаш ауыл тұрғыны:

– Біздің алатын жалақымыз төмен, ал азық-түлік бағасы болса қымбат. Сондықтан, жалақымыздың көбін азық-түлік алуға жұмсаймыз. Күн көріс деңгейінен аспайды. Осыған билік көңіл бөліп, қымбатшылыққа қарсы тиімді шаралар қабылдаса екен деген ұсынысымды жеткізгім келеді.

Қорыта айтқанда, қымбатшылық, ең алдымен қараша халықтың қалтасына салмақ салатыны анық. Сондықтан Мемлекет жыл сайын бағаның тұрақты болуын қадағалап, тұрғындарға бірінші кезекте қажетті тауарлардың қымбаттамауын қадағалап тұрса дейміз.

Дәурен Ермекбай,

Алматы облысы, Кеген ауданы, Тасашы ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Шыңғыс Ергөбек, саясаттанушы: Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағыты түбегейлі өзгере ме немесе Президенттің соңғы сапарларынан не түйдік?

Мемлекет басшысының соңғы уақыттағы сыртқы саясаттағы әрекеттері Қазақстанның көп векторлы саясатқа ауғандығының ғана емес, сыртқы саяси