///

Кеген мен Райымбек ауданына газ магистралы тартыла ма?

4662 рет қаралды
1

Алматы облысындағы шалғай орналасқан Кеген мен Райымбек аудандары көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі деп сөз қозғалғалы біршама уақыт болды. Осығын дейін БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылысының құжаты дайындалуда және  бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 316,3 млн.теңге бөлінді делінген.

Осыған орай «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында және жұмысын бастаған кезде экологияға тигізетін әсері жайында Кеген аудандық әкімдігінде Алматы облысы энергетика және тұрғын үй басқармасының өкілі, қоғамдық ұйым мүшелері және ауыл тұрғындары  қатысқан қоғамдық тыңдалым өтті.

Сол тыңдалымда ұққанымыздай: газ магистралының экологияға тигізетін әсері төмен.  «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырының жалпы ұзындығы 230 км, магистраль құбырының сыртқы диаметрі 273 мм, ішкі диаметрі 219 мм, қысымы 9,81 мПА және жылдық газ өткізу коффициенті 67,5  млн текше метр куб.  Кеген ауданы бойынша автоматталған газ тарату станциясын Кеген ауылы маңында және Көлсай көліне барар жолда орналастыру жоспарланған. Ал Райымбек ауданы бойынша Нарынқол ауылында автоматталған газ тарату станциясы орын теппек.

 Тыңдалым соңында Алматы облысы энергетика және тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Тажиев Салауат Бейсенбекұлын сөзге тарттық:

– «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылысын жоспарлау аяқталды ма және жалпы қанша сомма қарастырылған?

– «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры түрлі инстанциядан өтіп, келісімін алып, үйлестіруден өтіп жатыр. Енді екі айдың ішінде жобалау жұмыстары аяқталады. Магистаральды газ құбыры құрылысына барлығы 24 млрд теңге қарастырылуда.

– Егер осы «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылысы басталған жағдайда жоба бойынша қанша уақытта аяқталуы мүмкін?

– Шелек пен Кегеннің арасы 19 айда, Кегеннен Нарынқолға дейін12 айда аяқталады деген жоспар бар. Жалпы магистральды газ құбыры құрлысы 35 айға созылады.

Айта кететін жайт облыстағы қысы қатты болатын Кеген мен Райымбек ауданы 100 пайыз көмір мен сұйық отынға тәуелді. Егер «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры іске қосылса халыққа тигізер пайдасы зор.

P.S. Тыңдалымда біздің ауданның әл-ауқатына байланысты «газды тұрғын үйге кіргізу қымбатқа түспей ме?» деген сауал туындады. Көңіл көншітерлік жаңалық: магистраль құрылысына қаражатты мемлекет бөлгендіктен, тұрғын үйге газ кіргізуде мемлекет бекіткен сомада болмақ. Монополистердің  «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырыне қатысы жоқ деген аргумент айтылды.

 Мақпал Шадан

Кеген ауданы

Алматы облысы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Бір делдалға емес әр бөліктен бөліп делдалды көбірек жалдау керек. Әрі тез, әрі сапалы болады. Мыжып жүрмейді. Қаражатты жақсылап қадағалау керек қой. Кеген ауданы жемқорлардың көп шоғырланған жері

Асеке жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар