///

Алматыдағы қоғамдық көлікке көңіліңіз тола ма?

1153 рет қаралды
фото: Tengrinews.kz

Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис екені баршаға аян. Әкімдіктің есебіне сүйенер болсақ, қалада жұмыс күндері 1,5 миллионға жуық адам осы қоғамдық көлікпен жүреді. Ал демалыс күндері 700-800 мыңға дейін төмендейтінін айтады. Бұған жеке көліктерімен жүретін тұрғындарды қоссақ Алматының экологиясы туралы сөз бастау да артық болар?!

Бүгінгі айтпағым мегаполис экологиясы емес, осы қалада өмір сүретін еліміздің басқа өңірлері «олар пробкада тұрады, нервный келеді» деп атап кеткен қала тұрғындарының жол жүруі туралы болмақ.

Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметі бойынша мегаполис тұрғындарының саны 2 156 700 адам. Ал бұған күнделікті қалада жұмыс істейтін қала маңында орналасқан ауылдарда тұратын және тұрғылықты жері басқа өңірлерде бірақ жалдамалы пәтерде тұрып нанын Алматыдан тауып жеп жүрген азаматтарды қоссақ, Алматы үшін ең өзекті мәселе әрине қоғамдық көлік болады.

Соңғы жылдары автобустар жаңарды, саны молайды, жүру уақыты ұзарды, иә, бұларды жоққа шығара алмаймыз. Жағдай бұрынғыдан жақсарды. Бірақ автобус бағыттары әлі де дұрыс ұйымдастырылмай отыр. Алматыда 158 тұрақты қала және қала маңында жүретін маршрут бар, осылардың тек 22 сі қала сыртына бағыт алған, ал Алматыдағы еңбеккүш қала маңынан келетінін ескерсек бұл өте аз, бұл бағыттар тек Қаскелең, Талғар, Есік қалаларына ғана бағытталған.

Қала автобустарына халық шағымы мен ұсынысы өте көп, солардың негізгілерін жинақтап айтар болсақ:

  1. Қоғамдық көліктердің бағыты дұрыс орналаспаған, тек қала аумағын негізге алған, сырттан көптеген адамдар қалаға келіп жұмыс жасайтынын ескерсек бұл әрине үлкен қателік. Бұл жағдайды сайтынан анық көруге болады.
  2. Көше бойындағы аялдамалардың арасының тым жақын орналасуы. Алматы қаласының қоғамдық көліктері сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, кей бағыттардың ұзындығы 20-25 шақырымға жетеді, бұндай ұзын аралықтарда аялдамаларға көп тоқтау жолаушының діттеген жеріне жету уақытын ұзартады.
  3. Таңғы және кешкі жұмысқа барып – қайтар уақытта автобустың жүйелі ретке қойылмауы. Дамыған елдерде таңғы және кешкі қарбалас уақыттарда әр бағыттарда жүретін автобустар санын көбейтеді де, қарбаластық аяқталғанда қайта қысқартады. (мысалы: таңғы-кешкі уақытта №100 бағытқа 10 автобус жүргізсе, басқа уақыттарда 4 автобус жүреді).
  4. Адам кептелісінің алдын алу үшін бір төлеммен ауысып отыруға рұқсат ету керек. Аялдамада тұрған адамдар нақты баратын бағытын ғана күтіп тұрады, егерде бірінші автобусқа төлеген төлем, ауысып отырған екінші автобусқа жарамды болса, онда көлік күткен адамдар ауысып отыру арқылы мақсатты жеріне жетіп, адам кептелісі болмайтын еді.

Ерзат Мұсират,

Алматы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар