///

Қазақстандағы сепаратизм: Әшейінде қырағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті неге шабан қимылдайды?

2286 рет қаралды
фото: В контакте желісінен
 

 Осы жылдың наурыздың 19-ы күні, еліміз бойынша Парламент сайлауы өтіп жатқанда Петропавл қаласында 19 адамнан құрылған топ “Народный совет” («халық кеңесі») деген ұйымын құрып, Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялапты.

Оны біз кешеден бері ғана әлеуметтік желілерде желдей ескен мәліметтерден естіп, таратылып жатқан бейне жазбаларды көріп, біліп жатырмыз. Ал осы әлеуметтік желі болмаса не болар еді?

Жуықта ғана Парламенттің журналистерге арналған баспасөз залында отырып алып, ҚР-ның ГИМНі орындалғанда, ҚР-ның Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетудің орнына, міз бақпай орындарынан тұрмай, жалпиып отырған vlast.kz сайтының журналистерін де ел ұмыта қойған жоқ. Ал іле-шала істеп жаатқан әрекеттері мынау. Ал ана Өскеменнен өзегі жыртылғанша өзеленіп отырған Татьяна аттының қылығы анау. Демек, бұл сепаратистік әрекеті Қазақстан көлеменде біраз аумақты қамтыған ошақтары бар екенін көрсетеді.         

 Үкіметтің құзырлы органдары кешеден бері ғана, сонда да ел шулаған соң, Мәжілістің 31 депутаты қол қойған (Ал басқа депутаттар үшін ҚР-ның бір тұтастығы пішту ме?! Әлде бұл үнсіздік сепаратистерді қолдау ма? Бұл жаңа ғана сайланған депутаттардың нақты өзінінің кім екенін көрсететін сәті емес пе?) Бас Прокурорына жолдаған хатынан кейін шынайы әрекетке көшкен сияқты.

«СҚО-дағы даулы видеоға қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы оқиға  бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамадар тобымен сепаратизмді насихаттау) соталды тергеп-тексеру басталды. Бүгінде облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды. Соталды тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында» делінген.

 ҚР-ның Ата Заңымен қорғалған жерінің тұтастығын, бүтіндігін әрі оның мызғымас беріктігін көзінің қарашығындай қорғау ҚР-ның әр бір азаматының борышы, ең қастерлі міндеті. Олай болса еліміздің тұтастығына, жерінің  бүтіндігіне көз алартып, ел тыныштығын бұзып, ұлттың бірлік-берекесіне нұқсан келтіретін сепаратистік пиғылдағы, жат ниеттілер ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баптар бойынша тиісті жазасын алуы керек.

Б. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі