///

Елімізде 190 мыңдай бала ерекше білімді қажет етеді. Ал мектептердің 80%-ы инклюзивті білім беруге дайын (жалғасы)

1022 рет қаралды

“Мінбер” ақпарат агенттігінің “Мүгедектігі бар тұлғалардың мұңы” атты жобаның аясындағы кезекті эфир инклюзивті білім беру мәселелеріне арналды.  Бүгін біз сол эфирдің жалғасын оқырман назарына ұсынамыз. Эфирдің басын мына сілтемеден таба аласыз. Эфир қонағы Купаев Алмасбек Еділбайұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Инклюзивті білім беру басқармасының бас сарапшысы

– ПМПК-ға кезектің көп екенін, ата-аналар ол комиссиядан өту үшін 1-2 ай күтіп қалатынын естіп жүрміз. Бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Бұл үлкен бір өзекті мәселелердің бірі. Осы психологиялық педагогикалық қолдауда білім беру ұйымдарында қалыптасқан кезекті осы кезектілікті еңсеру бағытында министрліктің мынадай жұмыстары атқарылып жатыр: осы ПМПК-лардың және психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері, осы арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, 2025 жылға дейін.

Қазір Қазақстанда 93 ПМПК және 208 психологиялық педагогикалық түзету кабинеті бар. Бұл сандар әрине көп болғанымен бізге әлі де жетіспейді, өйткені балалардың саны да өсіп келек жатыр. Осы орайда білім беру ұйымдарының желісін кеңейту керек, кезекті жою үшін және екіншіден оқу ағарту министрінің 2022  жылы 532 номерлі психологиялық педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы бұйрығы шықты. Бұл жерде осы кезекте тұоған балаларды мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке түзету орталықтарына орналастыратын боламыз. Яғни кезекте тұрған балалар жеке түзету орталықтарында осы ПМПК-дан алатын түзету жұмыстарының көлемін түзету орталықтарында ала алады.

Яғни ата аналар кезекте тұрмайды. Ал мемлекеттік тапсырысты білім беру басқармалары әр өңірде өздері жүргізеді. Өздері комиссия құрады және жеке түзету орталықтарының ұсыныстарын қарап, солардың талаптарына сай ма, сай емес пе, оларға бару арқылы да, барлық тексеру жұмыстарын өткізген соң, осы білім басқармаларының сайттарында жеңімпаздар анықталып, сол жерде ілініп, түзету жұмыстарын әрі қарай жүргізеді.

– Алыс аудандарда арнайы мектептер жоқ. Ондағы балалар қалай білім алады?

– Басында айтып кеткендей, әр мектепте психологиялық педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылады. Осы сүйемелдеу арқылы балалардың қажеттіліктерін анықтаймыз. Сол сүйемелдеудің құрамында қандай мамандар, сынып жетекшілері, дирекция және басқа да мамандар отырып, осы баланың қажеттіліктерін анықтап, одан кейін тұрғылықты жеріне қатысты ПМПК-ға барып, сол жерде диагностикалық жұмыстарын жүргізеді, консультациясын алады да, ауылына, тұрғылықты жеріне жақын орналасқан психологиялық педагогикалық кабинеттеріне арнайы мектептерге немесе оңалту орталықтарына, аутизм орталықтарына баруға мүмкіндігі бар.

– Арнайы білім беретін ұйымдар бар. Олардың жұмысын кім ұйымдастырады?

– Арнайы білім беру ұйымдарына жаңа айтып өткендей психологиялық медициналық педагогикалық консультациялар жатады, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері жатады, оңалту орталықтары және аутизм орталықтары жатады. Бұлардың барлығының қызметі Білім және ғылым министрлігінің 385 бұйрығымен реттеледі. Олардың ішіндегі қызметкерлердің штаттық кестелері, білім беру ұйымдарының штаттық кестелері үкіметтің 77 қаулысымен реттеледі. Ал ішкі жұмыстары олар облыстық білім басқармаларына қарасты.

– Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы қаулыда “Зағип балалар үшін 2017 жылдан бастап Брайль жүйесі бойынша және ірілендірілген қаріппен, сондай-ақ зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға арналған оқулықтарды әзірлеу басталды. (жыл сайын 140 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді). 0-1, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді, ал 2020 жылға дейін 11-сыныпты қоса алғанда, барлық оқулықтарды әзірлеу жоспарлануда” деп жазылған. Бірақ біздің елде брайль қарпімен кітап шығаратын баспа жоқ. Бұл мәселе жөнінде не айтасыз?

– Алматыда арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ғылыми практикалық орталығы бар. Осы орталықта 2017-2021 жылдар аралығында оқу әдістемелік кешендерін шығару бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Яғни 2021 жылға дейін, қателеспесем, Брайль ғарпіне аударылған 64 оқулық шықты. Және 70-тің үстінде үлкейтілген қаріппен дайындалған оқулықтар дайындалып жатыр. Олар барлығы тексерістен өтіп, қазіргі уақытта жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында қолданыста. Және бұл орталықтың 2024-2026 жылдарға арналған операциялық жоспаралары бекітілу үстінде. Ол жоспарлардың ішінде 2024-2025 жылдары 9-10-11 сыныптардың негізгі оқулықтары бар ғой, химия, физика, география деген пәндер бойынша, осы Брайль қарпіне ауыстыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Брайль қарпіне аударылған оқулықтарды Алматыдағы САТР баспасы шығарып отыр. Қазір қажеттіліктерге байланысты шығарып отырмыз. Енді 2026 жылға дейін 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі аралықта барлық оқулықтар Брайль қарпінде және үлкейтілген шрифт бойынша шығып, қолданысқа беріледі деген үміттеміз.

Тікелей эфирді жүргізген және мәтінін түсірген Жанар Оспанова

Соңы. Басын мына сілтемеден оқи аласыздар

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері