////

Ерекше балалар “Мейірім” орталығының шапағатымен алғашқы қадам жасады

5176 рет қаралды

«Мейірім» оңалту орталығында қазақ халқы үшін тамаша әрі игі дәстүрге айналған шара – «тұсаукесер» өтті.
Оңалту бағдарламасы мен ЛФП нұсқаушыларының жұмысының арқасында орталықтан үш бала алғашқы қадамдарын жасады: “Бұл – оңалту орталығының үлкен және маңызды жеңісі. Бір бала он жыл бойы жүрмеді. Ал бүгін орталық әріптестерімен, серіктестерімен, ұстаздарымен және балалардың ата-аналарымен бірге осы жетістікті атап өтіп отырмыз”,- дейді оңалту орталығының директоры Елена Кузембаева.
Мейірімділіктердің тұсауын кесу құрметті миссиясы белгілі спортшы Уәлихан Тен, танымал қазақстандық әнші Айжан Нұрмағамбетова, Әлима Қайрат, Esentai Tower бас директоры Тайыр Балғабеков және орталық директоры Елена Күзембаеваға бұйырды.

“Мейірім” орталығы туралы бұған дейін “Мінбер” сайты егжей-тегжейлі жазған болатын.

Дайындаған Санжар Узканов

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар